Шымкентте 1 мың шақырымда өртке қарсы минералды жолақ салынды

Шымкентте 1 мың шақырымда өртке қарсы минералды жолақ салынды. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерін алдын алу бойынша онлайн режимде өткен жиында төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов мәлімдеді.


Оның айтуынша, қала аумағындағы орман қоры жерлеріндегі 406 шақырымда минералды жолақ жыртылған. Бұдан бөлек, егістік алқаптарында 400 шақырым, республикалық маңызы бар жолдардың бойында 65 шақырым және жергілікті автомобиль жолдарының бойында 315 шақырым өртке қарсы жолақ салынған.

«Өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары сапалы болуы үшін енін кемінде 7 метр етіп жүргізу қажет. Орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында аудан әкімдіктері тиісті елді мекендерде 527 адамнан тұратын 52 өрт сөндіру тобын құрды. Олар 94 бейімделген қосалқы техникамен, 22 өрт сөндіру мотопомпасымен және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған»,-деп атап өтті төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісов.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.