Шымкентте 218 науқас коронавирустан емделіп шықты

25 мамырдағы жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 606 азамат тіркеліп отыр. Соның ішінде 218 науқас емделіп шықты. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баспасөз мәслихатында мәлім етті.


Өкінішке қарай, бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласында пандемиядан 6 адам қайтыс болды.
Қала басшысының мәліметінше, өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтап отыр. Бір тәуліктегі өсімі 6,3%-ды құрады.

Covid-19 вирусының 22-сі сырттан келгендер, 359-зы науқастармен қатынаста болғандардан, 225-і жергілікті жерден шыққан. Соның ішінде, «COVID-19» жұқтырғандардың 12% (74) балалар, 88% (532) ересек азаматтар.

Емдеудегі 388 науқастың 302-і немесе 78%-і жеңіл, 11-і-жағдайы ауыр, орташа жағдайда 75 адам.

Барлығы қалада 260 карантиндік ошақ тіркелген. Бүгінгі күнге 132–сі бақылауда.
Қалада инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан бірнеше маңызды шаралар қабылданды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.