Шымкентте 4 мектептің құрылысы аяқталды

Биыл Шымкент қаласында 7020 орындық 13 мектеп салынуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес 3900 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды anyq.kz  ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атап айтқанда, Самал-3 шағын ауданындағы 1200 орындық екі мектеп, Асар-2 шағын ауданындағы 1200 орындық 1 мектеп және Әбділабад тұрғын алабында орналасқан 300 орындық 1 білім ошағының құрылысы аяқталды.
Одан бөлек, №23 мектептің 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы қазан айының соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр. Ал, жыл соңына дейін әрқайсысы 300 орындық болатын №17, №62, №84 мектеп және 1 өнер мектебінің құрылысы бітеді.
Қалған 1920 орындық 4 мектептің құрылысы келер жылы ақталады деп күтілуде. Жыл соңында апатты мектеп саны 1-ге азайса, үш ауысымды мектептердің саны екіге қысқаратын болады.
Айта кетейік, қалада жаңа оқу жылы 742 білім беру мекемесі және 320 мыңға жуық білім алушымен басталды. Сондай-ақ, білім мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстары толық аяқталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.