Шымкенттік мамандар сақтық шараларына салғырт қарамауға шақырады

13.10.2020 жылғы мәлімет бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте 70 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.


Өткен тәулік ішінде еліміздің 70 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған болса, оның 4-і – Шымкент қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.
 
Қосымша айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 5207-ге (+4) жетсе, жазылып шыққандар саны 5129 адамды құрайды. Ал, індеттен қайтыс болғандар саны 71-ге жеткен. Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Абай ауданы әкімдігі тарапынан құрылған мобильдік топпен бірге аудан аумағында орналасқан мектептерге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары барлық аудандарда үздіксіз жүзеге асырылуда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.