Шымкент: Жасыл желектерге ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте жасыл желектерге ағаш көшеттерін отырғызу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жасыл желектерге ағаш көшеттерін отырғызу және абаттандыру бойынша, аудан аумағында орналасқан «Шұғыла» шағын ауданындағы Жаңақоныс көшесінің бойына ағаш көшеттері отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған көшенің бойына 2000 түп оның ішінде, 1000 түп ясинь, 1000 түп клёнь ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, қазіргі таңда 1500-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылған. Аталған жұмыстарды «БилдСтрой» ЖШС атқарып отыр.  Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, аудан аумағындағы негізгі көшелердің бойында орналасқан аялдамаларды тазалау, жуу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС атқаруда.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы және ішкі орамдық көшелердегі ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. 

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.