Шымкент: Жедел басқару орталығына бір апта ішінде 6 мыңнан астам қоңырау қабылданды

2021 жылдың 12-18 сәуір аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына түрлі сипаттағы 6372 қоңырау келіп түсті.


Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның 2888-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 4 қылмыс ашылды.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалайды. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Бұл ретте, Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 904 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 10 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 25, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 24, жол қозғалысы ережелерін бұзу 710 және өзге де 135 құқық бұзушылықтар.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.