Шымкент: Карантин режимін сақтамаған кәсіпкерлерге ескерту берілді

Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қаратау аудандық басқармасы мен аудандық әкімдіктің, жергілікті полиция басқармасының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Нұрсәт» шағынауданындағы сауда және қызмет көрсету нысандарына кезекті мониторинг жүргізілді.


Тексеру барысында нысандарда маскалық режимнің сақталуы, санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелермен жабдықталуы, келушілер арасындағы арақашықтықтың сақталуы, қызметкерлердің санитариялық талапқа сай қызмет көрсетуі назарға алынды.

Сондай-ақ мамандар келушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Карантиндік режим талаптарын ішінара сақтамаған бірқатар нысан иелеріне ескертулер жасалды.

Жалпы Қаратау ауданда 50 адамнан жоғары қызмет көрсететін — 101 қоғамдық тамақтану орны, 45 мейрамхана бар. Бұдан бөлек 162 сауда орны қадағалауға алынған. Бүгінге дейін нысандарда өрескел тәртіп бұзушылыққа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылмаған.

Еске сала кетейік, Шымкентте карантин 22 маусымға дейін созылды.

Талап бойынша қала тұрғындары үйінің ауласынан тым алысқа ұзамауы тиіс. Аса қажеттілік болмаса, ашық базарларға бармаған да жөн. Базарлар таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін жұмыс істейді(барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс). Ал кинотеатрлар, балалар ойын алаңдары, ойын-сауық орталықтарындағы батут пен фудкорттар әзір ашылған жоқ. Шектеу шаралары қала аумағына кіретін барлық ауданды қамтиды. Тұрғындар санитарлық барлық талапты қатаң ұстанып, әлеуметтік арақашықтықты сақтағаны абзал. Жоғарыда аталған талап қоғамдық көлік жолаушыларына да ортақ. Көлік жүргізушілері жолаушыларды шамадан тыс мінгізбеуі тиіс. Мұның барлығы вирустың кең таралуын болдырмау мақсатында жасалып жатқан сақтық шараларына жатады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.