Шымкент: Маятас, Елтай, Тоғыс тұрғын алабындағы көпір құрылысы қарашада аяқталады

Биыл Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын алаптарда төрт көпірдің құрылысы жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік. Бүгінде құрылыс барысы қарқын алған. Жаңа инфрақұрылым жүйесі аяқталуға таяды. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.


Атап айтқанда, Маятас және Тоғыс тұрғын алаптарындағы Бадам өзені үстінен өтетін көпірді және Елтай тұрғын алабындағы көпірді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үш көпірдің құрылысына да «ЖБИ-С» ЖШС жауапты.

Аудан әкімдігі мамандарының айтуынша, үш көпірдің құрылысы 15 қарашада аяқталмақ. Сондай-ақ, аудан аумағындағы Бадам-1 тұрғын алабында көпір құрылысы жүргізілуде.

Аудан әкімдігі тұрғындарды инфрақұрылым жүйесін абаттандыруда туындаған уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырады.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданынындағы Маятас тұрғын алабының Нұрлы таң көшесіндегі құрылыс жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «Mab Groups» ЖШС ұзындығы 1,48 шақырым көшеге асфальт төсеу жұмыстарын толығымен орындады.

Айта кетейік, таяуда Тоғыс тұрғын алабындағы Мұнайбарлаушылар көшесі де тұрғындарға пайдалануға тапсырылған еді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.