Шымкент: «Мейірімділік керуені» республикалық байқауы ұйымдастырылуда

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Эльмира Созақбаева мәлім етті.


– «Мейірімділік керуені» республикалық байқауына қатысуға өтінім қабылдаудың басталғаны туралы қуана хабарлаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы ұйымдастыратын байқау игі істер жасайтын адамдарды анықтауға және көтермелеуге, адамгершілік құндылықтарды танымал етуге бағытталған, – деді қауымдастық төрайымы. Ал Интегративті және отбасылық психология институты филиалының директоры Әсем Әділбекова байқау лауреаттары бес номинация бойынша анықталатынын жеткізді.

Атап айтқанда:

– «Асар» номинациясы қайырымдылық қызметі ұлттық салт-дәстүрлермен байланысты және ұлттық мәдениетті сақтауға көмектесетіндер үшін;

– «Туған жер» номинациясы білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көмек көрсететіндер үшін;

– «Батыл жүрек» номинациясы ерлік пен қайсарлық үшін;

– «Мейірім жолында» номинациясы белгілі бір уақыт аралығында өтеусіз тұрақты көмек көрсеткендер үшін және «Қайырымдылық тарихы» номинациясы БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын көтерген, қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аударатын материалдары үшін журналист немесе шығармашылық ұжымға беріледі.

Брифинг барысында Шымкент қаласы Олимпиадалық резервті даярлау орталығы мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Айнұр Ертай асыл және батыл адамдарға арналған байқауға қатысуға өтінімді қалай жіберу керектігін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, өтінімдерді 2020 жылдың 1 қазанынан 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде caravan_dobroty@fpp.kz электронды поштасына жіберу қажет.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.