Шымкент: Мұрат Әйтенов итальяндық технология бойынша аяқ киім шығаратын кәсіпорынды аралады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан кейінгі кәсіпорындардың жұмысымен танысу мақсатында таза былғарыдан аяқ киім шығаратын «СП «LuxShoes» ЖШС-ін аралап шықты.


Мұндағы өнімдер итальяндық технология бойынша заманауи түрік жабдықтарында шығарылады. Тауарларын жергілікті нарыққа шығаратын кәсіпорын жылына 120 мың жұп аяқ-киім шығаруға қауқарлы. Сондай-ақ, қала басшысы мақта иірімжібін өндіретін «Azala Cotton» фабрикасында болды.

Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті екенін айтқан әкім кәсіпорын басшыларына карантиндік шектеулерді қатаң сақтауды айтты.

Аталған аймақта бүгінгі таңда құны 29,9 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 1 630 жаңа жұмыс орындары құрылған. Оның ішінде 2020 жылдың ақпан айында «СП «Lux Shoes» ЖШС-нің аяқ киім табандарын шығару жобасы іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін «B.A.E.R.» ЖШС – Дәкеден таңу материалдар өндірісі жобасының жүзеге асырылуы жоспарлануда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.