Шымкент: Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы 15 қазанда басталады

Шымкент: Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы 15 қазанда басталады. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде осылай деді.


Шымкентте алғаш рет қаланың орталығында жолайрық құрылысы басталады.

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қала көшелерінде көлік кептелістерін болдырмау және жол апаттарының алдын-алу мақсатында қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары бекітілген. Осы жоспарда бірнеше көшені қайта құру, жолайрықтар, жаңадан көшелер салу, бағдаршамдардың жұмысын оңтайландыру іс-шаралары қамтылған болатын.

Солардың бірі – Рысқұлов — Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жұмыстары басталады. Аталған Рысқұлов пен Қонаев көшелері – қаламыздағы көлік қарқындылығы жоғары магистральды көшелердің бірі.

Бүгінде мердігер мекеме анықталған. Құрылыс жұмыстарын биыл 15 қазаннан бастау жоспарлануда. Айта кетейік, жолайрық құрылысы бойынша Бас мердігер – «Bazis Construction» ЖШС болып табылады. Ал, авторлық қадағалаушы – «Саулет-SKB» ЖШС. Техникалық қадағалаушы – «Акмол Тех Надзор» ЖШС.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.