Шымкент: Туристік инфрақұрылымды дамытуда бірқатар жоба жүзеге асады

Шымкент қаласының туризм басқармасының басшысы Олжас Шынтаев 2021 жылдың іс-шаралар жоспарымен таныстырды.


Шаһарда инвестициялық жобалар, туристік инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетингті іс-шаралар, медициналық туризмді дамыту бағытында бірқатар жобалар қолға алынбақ.

Басқарма басшысының айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық жағдай жақсарып, карантиндік режим алынған соң, қалаға келетін туристер санын 2021 жылы 315 381-ге жеткізу жоспарлануда. 

2020 жылдың 9 айлық көрсеткішке қарағанда, Республиканың өзге өңірлерімен салыстырмалы түрде қарастырғанда Шымкент қаласы статистикалық көрсеткіштердің төмендеуі бойынша ең аз пайызға ие болып отыр. 

Мысалыға республика деңгейіндегі алғашқы оңдыққа кірген келуші туристердің саны бойынша Нұр-Сұлтан қаласы — 57,3%-ға, Алматы қаласы – 48,1%-ға, Алматы облысы – 43,8%-ға, Шығыс Қазақстан облысы – 45,1%-ға, Ақмола облысы – 44,3%-ға, Қарағанды облысы 40%-ға, Маңғыстау облысы — 39,7%-ға, Қостанай облысы – 42,8%-ға, Түркістан облысы – 47,7%-ға төмендесе Шымкент қаласы 33,8%-ға көрсеткішке ие. 

Туристік инфрақұрылымды дамытуда биыл бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Атап айтқанда, «Көне шаһар» аумағын дамыту бойынша жұмыс топ құру, егжей-тегжейлі жоба әзірлеу, Сайрам тұрғын алабындағы тарихи-сакралды нысандарды толық абаттандыру, Сайрам тұрғын алабын ҚР «ТОП-50» туристік картасына енгізу, «Абай» саябағы аумағында «U: Дача» жобасын  іске асыру, туристік аумақтарға бағыттайтын жаңа нысан паспорттарын және жолсілтегіштерін орнату, жол бойындағы сервисті жақсарту және инфрақұрылымды дамыту, санитарлық – гигиеналық орындардың жағдайы мен сапасын  арттыру жұмыстары жүргізіледі. 

Сонымен қатар, 2021 жылы қызмет көрсету сапасын арттыру, туристік сала өкілдеріне семинар-тренинг өткізу, туристік операторлар, блогерлер және БАҚ өкілдеріне арналған турлар, маркетингтік іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Басқарма басшысы 2021 жылы «SHYMKENT TOURISM CENTER» туристік ақпараттық орталық қызметін одан әрі жандандыру бағытында туристік ХАБ ашу, жаңа туристік бағыттағы мерекелік іс-шаралар бойынша және тағы басқа ұсыныстарын жеткізді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.