Шымкент: «Тілге құрмет — елге құрмет» челленджі өз нәтижесін беруде

Жуырда Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілге құрмет – елге құрмет» атты челлендж  бастау алған болатын.


Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес этнос өкілдері арасында қазақ тілін оқып-үйренуге үндеу мақсатында ұйымдастырылған.Игі шараға қолдау білдірген  №122 «Ақ көгершін» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі   Гүлмира  Сенгирова өз пікірін білдіріп, челленджді жалғап әкетті. 

«Мен қазақ-өзбек аралас мектебінде оқыдым. Мектепті бітіріп Қазақстан Халықтар достығы университетінде қазақ тілінде білім алып шықтым. Тілді үйрену үшін ең алдымен тілдік орта болу керек деп ойлаймын. Мен қазіргі таңда құрбы құрдастарымның арасында қазақ ұлттарымен көп араласамын. Қазақ тілін белгілі бір мерзімде толық меңгердім деп айта аламын. Бұл жылдар бойы жинаған білім және сөздік қормен келетін нәрсе деп айтар едім. Қазіргі таңда қазақ тілінде білмімді одан әрі жетілдіру үшін Шымкент қалалық тілдерді оқыту- әдістемелік  орталығында оқып жатырмын. Мемлекетіміз мемлекеттік тілді ақысыз оқып үйренуге жағдай жасаған. Осы челленджді ұжымдастарыма, құрбы-құрдастарыма, достарыма жолдаймын»,- деген Гүлмира Қазақстанда тұрып жатқан өзге этнос өкілдері мемлекеттік тілді құрметтеуге, үйренуге, дамуына ат салысу қажет деп есептейді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.