Шымкент: Ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 36,1 млрд. теңгеге жеткен

Шымкент қаласында тұрғындарды сапалы ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуде шаруақожалықтардың үлесі ерекше.


Солардың бірі — Еңбекші ауданы, Абдуллабад тұрғын алабында орналасқан «Зертас» шаруақожалығының тауарлы сүт фермасы. Ферма ауылшаруашылығы саласындағы тауар өніміндерін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келе жатыр.

Асыл тұқымды сүт бағытындағы шаруашылық 2019 жылы ең алдымен Австрия мемлекетінен 128 бас сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды (Симменталь) сиырларды алып келіп, өз жұмысын бастады.

Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ірі қара мал басының саны 317-ге жетіп, оның ішінде сүтті бағыттағы сиырлардың саны  161 басты құрап отыр.

Жалпы аумағы 2,2 гектарды құрайтын шаруақожалықта заманауи «Параллель» сауу қондырғысы, сүтті жинауға арналған салқындатқыш танкер секілді инновациялық теxнологиялар және сиырларды тұрақты ұстау, асыл тұқымды бұзауларды өсіру аймақтары бар. Бұдан бөлек, шаруашылық мал азығын дайындауға арналған арнайы құрылғылармен, ауыл шаруашылылық техникаларымен қамтылған.

Мұнда әр бастан тәулігіне орташа есеппен 22 литр сүт алынып, жылына өндірілетін сүттің көлемі 1000 тоннадан асады.

Өндірілген сиыр сүтіне және сатып алған жемдік азықтың құнына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен былтыр 15,4 млн теңге субсидия бөлініп, мемлекеттік қолдау көрсетілген. 

Алдағы уақытта бұл шаруа мал басының санын арттыру үшін қосымша қора жай құрылысын жүргізіп, сүт өнімінің көлемін көбейтуді және халықты табиғи әрі сапалы сүт өнімімен қаматамасыз етуді жоспарлап отыр.

Айта өтсек, өткен жылы Шымкент қаласында ауылшаруашылығындағы өндірілген өнімнің жалпы көлемі 36,1 млрд. теңгеге жеткен. Оның ішінде мал шаруашылығы саласы — 21,9 млрд. теңгені құрап, 47 мың тонна сүт өндірілген.

Тақырыпқа қатысты қосымша сұрақтар бойынша 8(7252)24-74-08 нөміріне хабарласуға болады. 

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.