Шымкент: 35748 әскери бөлімі жас буынмен толықты

Көктемгі әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөлімі Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарынан жас буынмен толықты.


Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін әскерге шақырылушылар әскери бөлімге келе салысымен ПТР-зерттеуден өтіп, екі апталық карантинге оқшауланды. Осы уақыт ішінде оларға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық тестілеу жүргізіледі.

Тестілеу нәтижелері белгілі болғасын, жас сарбаздар алғашқы әскери дайындық курсынан өтеді. Бір ай бойы олар әскери білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, жалпыәскери дайындықтың негізгі пәндерін оқитын болады. Олармен саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық дайындық, жалпыәскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өткізіледі.

Әскерге шақырылушылар командарының бөлімге келуі демалыс күндеріне түскеніне қарамастан, оларды тәуліктік кезекшілікте тұрған жеке құраммен әскери оркестрдің музыкасы қарсы алды. Әскерге шақырылушыларды бөлімнің басшылық құрамымен таныстырылып, олар қызмет ететін әскери бөлімнің құрылу тарихы туралы айтылды.

Жас толыммен алғашқы әскери дайындық курсына арналған жиын әкімшілігі тағайындалды. Оның құрамына сарбаздарға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесетін, әскери істің қыр-сырын үйрететін тәжірибелі офицерлер, сержанттар мен психологтар кірді.

Казармалық үй-жайларға косметикалық жөндеу жүргізіліп, медициналық пункттің қоры қажетті дәрі-дәрмектермен және дезинфекциялау құралдарымен толықтырылды.

Әскери ант қабылдау рәсіміне дейін өтетін курстың қорытындысы полигонға шығып атыс қаруынан оқу-ату жаттығуларын орындаумен аяқталады.

Сарбаздарды жаңа жағдайларға тез бейімдеу, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында Қорғаныс министрлігінің басшылығы оларға ата-аналары, туыстары және достарымен уақытылы хабарласып тұруы жүргізу үшін ұялы байланысты пайдалануға мүмкіндік беру туралы шешім қабылдағандығын атап кеткен жөн.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.