«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты ХІХ Халықаралық олимпиада Түркістанда басталды

«Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты ХІХ Халықаралық олимпиаданың ашылу салтанаты өтті
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша қазақ диаспорасы балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты ХІХ Халықаралық олимпиада Түркістанда басталды.
Мақсат – қазақ диаспорасының дарынды балаларын анықтауға және оларға әлеуметтік-құқықтық қорғау, тілге, әдебиетке, тарихқа ынталандыру және қазақ халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Олимпиадаға шетелдегі қазақ диаспорасының білім беру ұйымдарының 14-17 жастағы оқушылары қатысуда.
Әрбір команда құрамында кемінде 8 оқушы, 2 жетекші бар.
Олимпиада 3 турды:
І тур — Эссе жазу;
ІІ тур — «Тарихи таным» зерттеу жұмыстарын 4 секция бойынша қорғау:қ
«Туған жер тұғырың!»;
«Қадірлесең салт-дәстүр – асыл қазына»;
«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» және
«Тұлға тағылымы».
ІІІ тур — Үй тапсырмасы – «Өз ұлтымды сүйемін!» атты шығармашылық таныстырылымды қамтыды.
Айта кетейік, олимпиадаға қатысып жатқан 69 оқушының ішінде онлайн режимде бақ сынап жатқандары да бар. Олар Моңғолиядан — 4, Ираннан -12 оқушыны құрап отыр.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.