Түркістан облысы: Сауран ауданының спортшылары қазақ күресінен жеңіс тұғырынан көрінді

Түркістан облысының IV спартакиадасының бағдарламасына сәйкес Ордабасы ауданында 2022 жылдың 16-18 қараша күндері облыстық жарыс өтті.

Сауран ауданының палуандары бірнеше салмақ бойынша боз кілемде күресті, атап айтқанда, 55 келіде С.Сұлтанбек, 60 келіде С.Алиханов, 66 келіде Т.Мырзатай, 74 келіде Е.Әуелтай, 82 келіде Е.Жарқынбек, 90 келіде Е.Нуриддин, 100 келіде С.Аббазов, +100 келіде Е.Тұрсынбай күш сынасты. Тартысты өткен жарыста 55 келі салмақта С.Сұлтанбек ІІІ орын, 82 келі салмақта Сауран ауданы спорт клубының директоры міндетін уақытша атқарушы Е.Жарқынбек І орын, 90 келі салмақта Сауран ауданы спорт клубының жаттықтырушысы Е.Нуриддин ІІ орын, 100 келі салмақта Сауран ауданы спорт клубының жаттықтырушысы С.Аббазов ІІІ орынды жеңіп алды. Басқа да палуандар бірнеше спортшыларды жеңгенімен, 3-ші орын үшін күресте қарсыластарына есе жіберіп алды. Бағы мен бабы келіскен палуандар жалпыкомандалық есепте 113 ұпайды еншіледі. Саурандық боз кілем шеберлерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Жалпы, қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі, ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКО, толеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді. Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы.

2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.

Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.

Бұрын қазақша күресте жас, салмақ шектеулері ескеріле бермейтін. Қазіргі уақытта осы спорт түрінде бірыңғай спорт киімі және күрес жүргізу техникасына қатысты белгіленген белгілі бір ережелер бар. Қазақ күресінен балуанның киімі самбошы киімімен біршама ұқсас. Самбодан айырмашылығы, қазақша күресте шапан қысқа жең, иықтарында шағын жапсырмалары бар (ұстасу үшін). Кеудеше аса берік материалдан тігіледі.

Белден және белден жоғары кез келген ұстасуға рұқсат етіледі. Ұстасудың мақсаты — қарсыласының жауырынына тастау. Қазақша күрестен шешілуі қармауыштар үшін жоғарғы дене бөлігі. Күрес тағанда жүргізіледі. Аяққа өтуге тыйым салынады. Күртеше мен белдеуден қармауға болады. Белбеу күресі тәсілдері рұқсат етілген. Қолды қағып жіберуге, жамбас тәсілдері арқылы аяғын іліп алуға болады. Тіземен кілемге тиюге болмайды, бұған қатысты алдын-алу ескерту береді.

Қазақша күрес техникасы бойынша грузин (чидаоба), татар (куреш) және өзбек күресімен (кураш) ұқсас. Қазақша күрес тәсілдері самбо техникасына енгізілген. Көбіне қазақша күрес палуандары (балуандар) самбо, дзюдодан әр түрлі жарыстарға қатысады.

Қазақ күресі еш­қандай күрес түрлеріне ұқса­май­ды.  Бүгінгі таңда жүргізі­ліп отырған спорттық-теория­лық және әдістемелік зерттеулер бойынша қазіргі самбо, дзюдо, еркін күрестердегі негізгі айла-тәсілдер қазақ күрес өнерінен алынғаны дәлелденуде. Яғни, дәстүрлі көшпелілер күресі әлем спорты­ның дамуына зор үлес қосты деуге бола­ды. Әсіресе, белбеу пайдаланып күресу тәсілінің бай тәжіри­бесі Ұлы Даладан бастау алып, Шығыс пен Батыс елдеріне та­ны­мал спорт түрі­нің алғы­шарты­на айна­л­ды. Белбеу арқы­лы бел­десу­дің өзіндік сипаты болған, ол белге оралған қайыстан ұстап, тізесі не ала­қаны жерге тигенге дейін күрескен. Бұл күрес жылдамдық, ептілік, күш және айла-тәсілдердің кең диа­пазонды қимыл-қозғалысымен қызықты. Сондықтан да оның адамның көңіл-қуанышын арттыра­тын, қанын қыздырып, ерлікке, елдікке баулитын қасиеті бар. Біз, қазақ халқы жоғарыдағы белбеу арқылы күресудің негізін салған жұрттың біріміз. Бұған мынадай мысалдарды келтіруге болады. Көшпелілер күресінің бас­ты қағидасы – әділеттілік болған. Жеңім­пазды анықтау көрермен халықтың көз алдында жарасым тапқан. Жарыс ережесінде кү­ресті ұйымдастырушылар оны мез­гіл және жер таңдамай өткізетін бол­ған. Көшпелілер өнерінің жоталы бір саласы – қазақ күресінің тәрбиелік маңы­з­ы зор, ол ұлттық намысты қоздырып, көрерменге асқан шабыт сыйлайтын құдіреті биік күрес екенін тарихтан білеміз. Ал бүгін­де қ­а­зақтың ұлттық спорты – кү­рес ешқашан тіршіліктен тыс қалмай, бірге жасасып, әлем чемпионаттарын өткізе­тін деңгейге дейін жетіп отыр. Өткен ХІХ ғасырдың ая­ғы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында сайын дала төсінде сайран салып, салтанат құрған бабаларымыз Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан күш-қуатымен бірге ақыл-парасатымен, ақын­дық-әншілігімен де ерек­шеленіп, нағыз ұлт мақтанышына ай­нала білді. Қажымұқан бабамыз төрт­күл дүниенің ең мықты деген балуан­дарын тізе бүк­ті­ріп, өз заманындағы кәсі­би балуан­дық­тың биік шыңына көтеріліп қана қоймай, «мұсылман әлемінің бас балуаны» деген атаққа ие болды. Осындай көрнекті өкілдері әлемді мойындатқан, тарихтың таразысына тү­сіп, әлем спортынан ойып тұрып орын ал­ған қазақ күресінің көші ХХІ ғасырға да аумай-талмай жетті. Сәл шегініс жаса­сақ, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанын­дағы Дене тәрбиесі және спорт комитеті алқасының шешімімен 1972 жылы қазақ күресінен тұңғыш рет 12 балуан «Қазақ КСР-інің спорт шебері» атағына ие болды. Қазақ күресінен әдістемелік оқу кітабы да тұңғыш рет сол кезде ба­сып шығарылды. Бұл оқулықты жазысуға республикаға белгілі спорт мамандары атсалысты. Содан бергі 50 жылдай уақыт бойы ұлттық күрес ережелері заманға сай даму жолында талай мәрте өзгертіліп, теориялық жағынан еңбектер жазылып, зерттеліп, ғылыми жетілдірілген бір жү­йеге түсті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.