13 және 22 қыркүйекте сотталушы жәбірленушілерді тілдеген бейнероликтер жазып, оларды YouTube әлеуметтік желісінде жариялаған.
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының № 2 сотының үкімімен Д.Васильев У. мен Г-ны қорлағаны, яғни YouTube әлеуметтік желісі арқылы олардың ар-намысына тіл тигізгені үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 131-бабы 2-бөлігі), деп жазады ulysmedia.kz. Соттың хабарлауынша, 2020 жылғы 13 және 22 қыркүйекте сотталушы жәбірленушілерді тілдеген бейнероликтер жазып, оларды YouTube әлеуметтік желісінде жариялаған.
«Жәбірленушілер қорлау үшін кінәлі деп тануды және 200 айлық есептік көрсеткіш айыппұл түрінде жаза тағайындауды және олардың пайдасына 1 млн теңгеден моральдық зиян өндіріп алуды сұрады»,- делінген хабарламада.
Сотталушы кінәсін мойындамады, соңғы екі сот отырысына қатысудан жалтарып, Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған. Оның мүдделерін сот тағайындаған адвокат білдірді, ол Васильевтен Д- ны ақтауды және жәбірленушінің талап қоюдан бас тартуды сұрады. Д.Васильевтің кінәлі деп танылуына байланысты сот жәбірленушілердің азаматтық талабын қанағаттандырып, сондай-ақ жауапкер денсаулығының жай-күйін ескеріп, моральдық зиянды өтеу мөлшерін әрқайсысына 100 мың теңгеден өндіріп алуды ұйғарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Comment savoir avec qui mon mari ou ma femme discute sur WhatsApp, alors vous cherchez déjà la meilleure solution. L’écoute clandestine sur un téléphone est beaucoup plus facile que vous ne le pensez. La première chose à faire pour installer une application d’espionnage sur votre téléphone est d’obtenir le téléphone cible. https://www.xtmove.com/fr/how-to-know-who-my-husband-wife-chat-with-whatsapp-how-spy-another-phone/
Hi there, i read your blog occasionally and i own a similar one and i was just curious if you get a lot of spam comments? If so how do you stop it, any plugin or anything you can recommend? I get so much lately it’s driving me crazy so any help is very much appreciated.