
Түркістан қаласы әкімі мен желтоқсаншылар басқосты.
Кездесу «Ұлы дала елі» кешенінде өтті.
Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара Түркістан қаласының 25 желтоқсаншысына құрмет көрсетумен жалғасты.
Жиын барысында шаһар басшысы қатысушыларға «Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалін тағып, арнайы сыйлықтар табыстады.
Алғы сөз сөйлеген Нұрбол Әбдісаттарұлы «Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған — тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға
дарып, алақанымызға қонды.
Бүгінгі бейбіт таңның тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен Сіздер біз үшін әрқашан үлгісіздер!» деді.
Өз кезегінде жиынға келушілер Түркістанның түрленуі мен дамуында әрбір азаматтың атсалысуы абыройлы іс екенін жеткізіп , қаланың көркеюіне келешекте де өз үлестерін қоса беретіндерін айтты.
«ANYQ.KZ-ақпарат»