Шымкент: Бахрейнде 36 бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер сотталды

Бахрейн Корольдігінде Қазақстандық 36 бойжеткенді тәнін саудалауға мәжбүрлегендер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, төрт жыл бойы адам саудасымен айналысқандарға үкім кесті. 16 сотталушының алды 14 жылға жаза арқалады. Сот залында бұған дейін үйқамақта болған бір азаматтың қолына кісен салынды. Үш жылға жаза арқалаған ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында өтейтін болады. Ал, үш айыпталушы қамаудан босатылды.

«Олар сот үкімімен қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Өйткені Қылмыстық кодекстің 68-ші бабының екінші бөлігінің талаптары бойынша олар жәбірленушілермен татуласса және оларға келтірілген залалдың мөлшерін өтесе жазадан босатылуға болады деген қағидалар бар. Сот олардың әрқайсысының тек қана бір бір қылмыстық әректетерге қатыстылығы екендігін, әр қайсысының жасөспірім балалары бар екендігін, олардың аса бір қоғамға қауіп тудырып тұрмағанын ескере келе осы бапты қолдану дұрыс деген шешімге келді», — деді істі қараған сот төрағасы Әбсаттар Шайхиддинов.

Айта өтейік, бұл қылмыстық топ 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін ел аумағында Бахрейн Корольдігіне жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды жалдаумен және жіберумен айналысып келген. Олардың басым бөлігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тумалары. Жәбірленушілер де осы екі өңірдің қыздары. Оларды айыпталушылар «көп ақша табасың» деп алдап шет ел асырып, құжаттарын алып қойған. Сөйтіп жезөкшелікке жеккен. Негізінен қармақтарына тұрмысы төмен жандарды түсіріп келіпті. 150 томдық қылмыстық іс бойынша басты фигурант — 36 жастағы келіншек. Ол Бахрейн Корольдігіне Қазақстан аумағынан жас қыздарды жеткізіп отырған. Қылмыстық топ басшысы адам саудасы бойынша төрт жыл көлемінде жалпы сомасы 48 млн теңгеден астам табыс тапқаны анықталған.

«Қазақстаннан әрбір жіберілген қыздар үшін екі мыңнан бес мың долларға дейін ақша түсіп отырған. Және ол ақшаны негізінен сол Азадова Саодаттың өзі алып, сол кісі басшылық жасап отырған. Осындай жолмен 2016 жылдан 2020 жылға дейін 36 жәбірленуші қызды жіберген. Араларында оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар», — деді судья.

Еске салайық, «Бахрейн ісі» өткен жылдың ақпан айында белгілі болған еді. Бахрейн Корольдігінде 21 қазақстандық қыздың сексуалдық құлдықтан босатылғаны туралы хабарланған. Қылмыстық топ мүшелері құрбандарын көбіне оңтүстік өңірден таңдап алып, негізінен тұрмыстық деңгейі төмен отбасылардан шыққан бойжеткендерге шетелде қызмет көрсету және қонақүй саласында жұмыс істеуді ұсынып, тұзақтарына түсіріп отырған. Трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында қазақстандықтардан бөлек, Ресей және Бахрейн азаматтары да болған деген ақпар айтылған болатын.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Agora, a tecnologia de posicionamento tem sido amplamente utilizada. Muitos carros e telefones celulares têm funções de posicionamento e também existem muitos aplicativos de posicionamento. Quando seu telefone for perdido, você pode usar essas ferramentas para iniciar rapidamente as solicitações de rastreamento de localização. Entenda como localizar a localização do telefone, como localizar o telefone depois que ele for perdido? https://www.xtmove.com/pt/how-to-track-someones-phone-location-by-cell-phone-number-online-for-free/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.