Мақтаарал: «FOOD CITY» ДЕМАЛЫС КЕШЕНІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

2022 жыл — Балалар жылына орай «Food city» демалыс кешенінің директоры Нұрсұлтан Сақтағановтың демеушілігімен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 40 балаға бассейнде шомылу бойынша жазғы демалыс шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Мақтаарал ауданының Төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері мен
Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері тарапынан суға шомылудың қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
«Су – адам үшін қауіпті. Тіпті, тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Әдетте, жүзе алмайтын балалар белден жоғары келетін суға шомылып, судың терең жеріне бара бермейді. Сондықтан, суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады» — деді мамандар.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс екенін де шараны ұйымдастырушылар атап өтті. Үлкен жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажеттігін айтты. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алатынын ескертті.
Тәуелсіздіктің құрдасы, жас кәсіпкер, жазғы демалыс шарасының демеушісі Нұрсұлтан Сақтағанов жаз айлары өте ыстық болатын Мақтаарал ауданында балалар суға шомылмай тұра алмайтынын айтты. Сондықтан, бассейн кешендерін іске қосуды қолға алғанын, жалпы бассейнде шомылу барлық жастағы балалар үшін өте қауіпсіз екенін, мұнда үнемі құтқарушылар бәрін қадағалап отыратынын атап өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Po wyłączeniu większości telefonów komórkowych zniesione zostanie ograniczenie dotyczące wprowadzania nieprawidłowego hasła.W tym momencie można wejść do systemu poprzez odcisk palca, rozpoznawanie twarzy itp.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.