Байқау қорытындысы жарияланды

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық колледж студенттері арасында «Балалар жылы — 2022», Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай жастарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты өнер фестивалінің байқауы өткен болатын. Байқауға облыстағы білім беру ұйымдары мен колледж студенттерінен 100 жуық контингент қамтылып, он жанр бойынша талантты жастардың қабілеттері шыңдалды. Аталған іс-шарада әділқазылар 2- айға жуық студент жастардың құндылық бағдарларын қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дәстүрлері тұрғысынан қалыптастыру, талантты жастардың шығармашылық жұмысы, музыкалық өнердің түрлі жанрларында орындаушылық қабілеттері, сахна мен сөйлеу мәдениеттерін толық зерделеп, білім беру ұйымдарының жылдық тәрбие жұмысының нәтижесін саралап өткен болатын.
Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде гала концерт өтіп, айтулы іс-шараның қорытындысы жарияланды. Нәтежиесінде облыстағы үздік өнер көрсеткен білім беру ұйымдары өз алдына марапатталса, ал колледждер арасында өткен қорытынды бойынша
№ 8колледж өнерпаз ұжымы үздік шығармашылығымен жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.