Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі ұжымының оқытушыларына «Сенімен Болашақ» РҚБ Шымкент қалалық және Түркістан облыстық филиалдарының ұйымдастыруымен «Саналы ата-ана — бақытты бала» атты семинар-тренингін өткізді.
Семинар-тренингтің мақсаты ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, дамыту, саналы ата-ана сауаттылығын қалыптастыру. Ата-ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала үшін бас ұстаз ата-ана екенін ескерсек, жақсы ата-ана бола білу аса жауапты іс.
«Сенімен Болашақ» РҚБ Шымкент қалалық және Түркістан облыстық филиалдарына алғысымызды білдіре отырып, істеріне сәттілік тілейміз!!