Бұл туралы Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева Ақпараттық-коммуникациялық оталығында өткен баспасөз брифингінде айтты.
Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр.
Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалған.
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа 20,4 млн.теңгеге, 2020 жылы 101 азаматқа 100 млн.теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілген. 2021 жылы 416 отбасыға 370 млн. теңгеге берілсе, 2022 жылы 500 азаматқа 1 млн теңгеге дейін қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек қарастырылған.
Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 2022 жылдың 13 шілдесінен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет ретінде www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы автоматтандырылған және электронды түрде жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда сертификатқа 39 өтінім қабылданып қаралуда.
Оның ішінде:
5 өтінім өтініш берушімен кері қайтарылып алынған.
12 өтінім — 8 265 378 теңгеге тұрғын үй сертификаттары мақұлданды.
22 өтінім қағида талаптарына сай келмеуіне байланысты, мақұлданудан бас тартылды. (Банктің мақұлдау туралы хаты жоқ, төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен асып кеткен, Банк есеп шоттары сәйкес келмейді).
Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022жылға-37 389 теңге) соңғы 6 (алты) ай ішінде орташа табысы (115 905 теңге) болған жағдайда беріледі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).