![](https://anyq.kz/wp-content/uploads/2022/07/296073817_174359838415605_8485439276989253405_n-880x528.jpg)
Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған Министрліктің бастамасымен «Мектепке жол — шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіледі.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Акция аясында халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған шаралар жүргізіледі. Халқымызға тән ұлттық ерекшеліктерді, мейірімділік, қайырымдылық, әділдік сынды ең асыл қасиеттерді насихаттау кеңінен өріс алады.
Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.
Құрметті қауым, акция барысында үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасауға шақырамыз.