КЕНТАУ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЛАГЕРЬГЕ ЖОЛДАМА БЕРІЛУДЕ

Президентіміз Қ Ж. Тоқаев 2022 жыл «Балалар жылы»- деп жариялады. Осы орайда балаларға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, көптеген нәтижелі жобалар іске асуда.

Жаз айлары балалар үшін ең қызықты маусым. Осы демалыс кезеңін тиімді әрі пайдалы етіп өткізуге мемлекет бұл жылы ерекше мүдделі айрықша қамқорлық танытып отыр.

Осы қамқорлықты, мүмкіндікті балалар толық сезініп, үкімет жоспарын жүзеге асыру үшін Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі оқушылар мен ата-аналар назарына қамтылуы тиіс жоспарда «Жазғы лагерьге» жолдама беруді ұсынады.

Лагерьге бару үшін қажетті құжаттар:

  1. Өтініш және анасының жеке куәлігі және ЭЦҚ-сы.(ЭЦҚ флешкаға жаздыруы қажет)

2.Ата-анасының некеге тұру туралы куәлігі . Егер болмаған жағдайда некенің бұзылғаны туралы куәлігі. Егер қамқоршылыққа алынған бала болса, ҚАУЛЫ қажет.

3.Лагерге баратын балаға 071 нысанды медициналық анықтама.

4.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

— жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

— жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға;

— төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасынан шыққан балаларға;

— мектептің қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге.

Осы жоғарыда аталған санаттарды анықтайтын, дәлелдейтін құжаттар болуы қажет.

Лагерге құжат қабылдау электрондық үкімет парталы арқылы жүзеге асады.

Ad Widget

Recommended For You