ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР ТУҒАН ЕЛІНІҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Облыс тарихы» атты керуен  шеруінің 1 күні Сырлы Созақпен бастау алды. «Балалар жылы» аясында Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Облыс тарихы» атты керуен-шеруінің алғашқы күні «Қаратау жотасындағы сырлы Созақ» ұранымен Түркістан – Созақ → бағыты бойынша: Тамыры терең, тарихқа бай сырлы өлкедегі «Баба түкті шашты Әзіз» кесенесі, Қарабура кесенелеріне барып, шежірелі тарихпен танысып, рухани нәр жинады. Жол бойы жақсы көңіл-күйде, әсем әуен тыңдап, сол өңірдің керемет табиғатымен танысып отырды. Түскілік уақытта Шолаққорған ауылы Т.Әлімқұлов атындағы 14 мектеп-интернатында ас ұсынылды. Шерулеткен күйде Түркістан қаласы С.Ерубаев мектеп-интернатына яғни жатын орынға келіп орналасты. «Облыс тарихы» атты керуен шеруінің 2 күні «Ақмешіт» үңгірі мен Домалақ ана тарихи орындарымен және Түркістанның рухани-мәдени орталығын аралаумен жалғасты. «Балалар жылы» аясында Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Облыс тарихы» атты керуен-шеруінің екінші күні Түркістан– Бәйдібек бағыты бойынша: Ақмешіт әулие үңгірі, Домалақ ана кесенесі, «Айналасына шуақ шашқан, бар қазақтың анасы — Домалақ ана». Қазақ халқы оны, бүкіл қазақ халқының анасы деп санаған. Ақмешіт әулие үңгірі –Әк тасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Оқушылар көріп ерекше әсер алды. Түркістан –Отырар бағыты бойынша: «Гауһар ана» кесенесі. Гауһар ана – ұлы ақын, ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің қызы. Гауһар ана жайлы аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ол емшілік қасиеті ерекше жан болған деседі. Әлі күнге дейін ана кесенесінің маңында емдік қасиеттері бар. «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» Түркістан қаласы бойынша Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Иассы қорғаны, Рабиға сұлтан бегім кесенесі мен түстен кейін Түркістан қаласындағы рухани – мәдени орталығын тамашалады. «Керуен Сарай» көп функционалды ойын-сауық орталығы, «Ұлы дала елі орталығы», «Visit Turkistan». Жалпы жаңарған Түркістанның келбетін тамашалап, керемет сезімге бөленіп қайтты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.