Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл «Балалар жылына» орай және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және бүлдіршіндерді ынталандыру, сондай-ақ еліміздегі әрбір отбасын, қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуде. Ордабасы аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастырумен өткізілген «Бала болашаққа – ана тілімен» атты аудандық іс шара өткізілді.
Балалар сайысында ереже бойынша 3 кезең қарастырылған:
1 кезең «Өзін –өзі таныстыру»
2 кезең «Мақал мателдер, даналық сөздер айтудан жарысты»
3 кезең «Өнерліге өріс кең» Ән,би,өлең оқу еркін тақырып , өз туындысын паш етуі тиіс .Бүлдіршіндер байқауға белсене қатысып,әділқазылар мен көрермендердің көзайымы болды. Сонымен қатар байқауда жеңімпаздар анықталды.
Бас жүлдені Нұрмахан Нұрдана Асылханқызы жеңіп алды. 1 орынды иеленгендер Оспанәлі Айару Даулетәліқызы, Жамалетдин Айару Жеңісқызы. 2 орын Сматулла Дарын Бақтиярұлы, Әбілбек Әсел Дәулетқызына бұйырды . 3 орынды Мырзабек Ерназар Азаматұлы, Қалыбек Қазына Әсілбекқызы, Ақылбай Алинұр қанжығасына байлады. Байқауға, белсене ат салысқан ата-анала , жетекшілері мен балаларға алғысымыз шексіз. Байқау соңында бүлдіршіндер алғыс хат пен арнайы сый-сыяпатпен марапаталды.
Айта кетейік, бүгінде қазақ тілінің коммуникациялық әлеуетін күшейтуге байланысты ілкімді іс-қимылдар жүзеге асып келеді. Осы орайда тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін ғылым мен білім тіліне айналдыру, цифрлы кеңістіктегі рөлін арттыру сияқты маңызды мәселелерге назар аударатынымыз анық. Мамандар Тілдің қолданыс аясын келістіру үшін тілді емес, тілдік коммуникацияны қаперге алуымыз керек» деген пікірде. Осы орайда бірқатар түйткілді мәселелерді ортаға салып, өткендегі тәжірибеге қарағанда, тілді оқыту жақсы жолға қойылып келеді. «Бірақ нәтиже аз»,- дейді мамандар.
«Тіл реформасы – рухани жаңғыру бағдарламасының өзегі. Ол қоғамның рухани жаңғыруына және қазіргі жаһандану жағдайында мәдени өзіндік идентификацияның қалыптасуына ықпал етеді. Қазіргі модернизация, инновация, цифрландыру заманында латын графикасы арқылы әлемдік ақпараттық коммуникацияға еркін кіруге болады», деп ой тастай келіп, «Біздің жастарымыз латын әліпбиін білуге ынталы. Себебі өз мансабын жасау үшін олар дамыған елдердің жазуын білу керек әрі латын әліпбиі олардың санасында жоғары сапа және жетістіктермен байланысады. Латыннегізді қазақ жазуы арқылы жастарға жаhандық білім жүйесіне құрмаласу оңайырақ болады. Сонымен жаңа әліпби табысты өзгерістер әкеледі, латын графикасына негізделген қазақ тілі қалың жұртшылыққа тартымды болады, соның нәтижесінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолдану аясы кеңейеді», дейді тілдің жанашырлары. «Қазақ тілі – ұлттық тіл, қазақ ұлтының ғасырлар бойы жинақтаған зияткерлік, ахлақтық, рухани, эстетикалық, құқықтық, т.б. сан-салалы білімдер жүйесін сақтаушы, жинақтаушы, жүйелеуші, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, тасымалдаушы, реттеуші құрал, қазақ ұлты тілі арқылы ғана жалпыадамзаттық құндылықтарға өз үлесін қосып отыр. Осы бағытта қазақ тілін тек Қазақстанда ғана емес, сол сияқты өзге де мемлекеттер аумағындағы мәдени қауымдастықтардың тілі, яғни автохтонды тіл екенін дұрыс танып, қазақ тілінің мәдени картасын жасап, оған мемлекет шеңберінен тыс таралған кеңістікте де қамқорлық көрсетуді Ұлттық жобаларға енгізу керек. Бұл бағытта институтта іргелі және қолданбалы зерттеулер үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, қазақ мәтіндерінің ақпараттық-инновациялық ақылды тілтанымдық базасы – Қазақ тілінің ұлттық корпусы әзірленіп, интернет ресурсы жасалды – qzcorpus.kz, онда қазақтың әр сөзінің «паспорты» беріледі», деген Анар Фазылжан қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру бағытында орасан еңбек атқару керек, деп ой түйеді.