ОРДАБАСЫ: «БАЛА БОЛАШАҚҚА — АНА ТІЛІМЕН» ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРЕТІН БАЙҚАУ!

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл «Балалар жылына» орай және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және бүлдіршіндерді ынталандыру, сондай-ақ еліміздегі әрбір отбасын, қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуде. Ордабасы аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастырумен өткізілген «Бала болашаққа – ана тілімен» атты аудандық іс шара өткізілді.

Балалар сайысында ереже бойынша 3 кезең қарастырылған:

1 кезең «Өзін –өзі таныстыру»

2 кезең «Мақал мателдер, даналық сөздер айтудан жарысты»

3 кезең «Өнерліге өріс кең» Ән,би,өлең оқу еркін тақырып , өз туындысын паш етуі тиіс .Бүлдіршіндер байқауға белсене қатысып,әділқазылар мен көрермендердің көзайымы болды. Сонымен қатар байқауда жеңімпаздар анықталды.

Бас жүлдені Нұрмахан Нұрдана Асылханқызы жеңіп алды. 1 орынды иеленгендер Оспанәлі Айару Даулетәліқызы, Жамалетдин Айару Жеңісқызы. 2 орын Сматулла Дарын Бақтиярұлы, Әбілбек Әсел Дәулетқызына бұйырды . 3 орынды Мырзабек Ерназар Азаматұлы, Қалыбек Қазына Әсілбекқызы, Ақылбай Алинұр қанжығасына байлады. Байқауға, белсене ат салысқан ата-анала , жетекшілері мен балаларға алғысымыз шексіз. Байқау соңында бүлдіршіндер алғыс хат пен арнайы сый-сыяпатпен марапаталды.

Айта кетейік, бүгінде қазақ тілінің коммуни­кациялық әлеуетін күшейтуге байланысты ілкімді іс-қи­мылдар жүзеге асып келеді. Осы орайда тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін ғылым мен білім тіліне айналдыру, цифрлы кеңістіктегі рөлін арттыру сияқты маңызды мәселелерге назар аударатынымыз анық. Мамандар Тілдің қолданыс аясын ке­лістіру үшін тілді емес, тілдік ком­­­му­никацияны қаперге алуы­мыз керек» деген пікірде. Осы орайда бірқатар түйткілді мәсе­лелерді ортаға салып, өткендегі тәжірибеге қарағанда, тілді оқы­­ту жақсы жолға қойылып келе­ді. «Бірақ нәтиже аз»,- дей­ді мамандар.

«Тіл реформасы –  рухани жаң­ғыру бағдарламасының өзегі. Ол қоғамның рухани жаң­ғы­руы­на және қазіргі жаһан­дану жағдайында мәдени өзін­дік идентификацияның қалып­та­суына ықпал етеді. Қазіргі модернизация, инновация, цифр­ландыру заманында латын гра­фикасы арқылы әлемдік ақпарат­тық коммуникацияға еркін кі­ру­­ге болады», деп ой тас­тай ке­ліп, «Біздің жастарымыз латын әліпбиін білуге ынталы. Себебі өз мансабын жасау үшін олар дамыған елдердің жа­зуын білу керек әрі латын әліпбиі олар­дың санасында жоғары сапа жә­не жетістіктермен байланысады. Латыннегізді қазақ жазуы арқы­лы жастарға жаhандық білім жүйе­сіне құрмаласу оңайы­рақ болады. Сонымен жаңа әліпби табыс­ты өзгерістер әкеледі, латын графикасына негіз­делген қазақ тілі қалың жұрт­шылыққа тартымды болады, соның нәтижесінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолдану аясы кеңейеді», дейді тілдің жанашырлары. «Қазақ тілі – ұлттық тіл, қа­зақ ұлтының ғасырлар бойы жинақ­таған зияткерлік, ахлақтық, рухани, эстетикалық, құқықтық, т.б. сан-салалы білімдер жүйесін сақтаушы, жинақтаушы, жүйе­леуші, ұрпақтан-ұрпаққа жеткі­зуші, тасымалдаушы, реттеуші құрал, қазақ ұлты тілі арқылы ғана жалпыадамзаттық құндылықтарға өз үлесін қосып отыр. Осы бағытта қазақ тілін тек Қазақстанда ғана емес, сол сияқты өзге де мемлекеттер аумағындағы мәдени қауымдастықтардың тілі, яғни автохтонды тіл екенін дұрыс та­нып, қазақ тілінің мәдени кар­­тасын жасап, оған мемлекет шеңберінен тыс таралған кеңістікте де қамқорлық көрсетуді Ұлттық жобаларға енгізу керек. Бұл бағытта институтта ір­гелі жә­не қолданбалы зерттеулер үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы­ зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, қазақ мәтіндерінің ақпарат­тық-инновациялық ақылды тілта­нымдық базасы – Қазақ тілінің ұлт­тық корпусы әзірленіп, интернет ресурсы жасалды – qzcorpus.kz, онда қазақтың әр сөзінің «пас­пор­ты» беріледі», деген Анар Фа­зылжан қазақ тілін ғылым ті­лі­не айналдыру бағытында ора­сан еңбек атқару керек, деп ой түйеді.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.