Сарыағаш: «СөйлеTime» латын тіліне көшу жобасы

Сарыағаш аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің жоспары аясында шілде айының 18 күні мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшу туралы жобасын негіздеу мақсатында орталықтың оқытушылары «СөйлеTime» клубының мүшелеріне үштілділік бойынша «Астана болашақтың қаласы» атты тақырыпта полиглот интеллектуалды ойын сабағын өтті.

Мақсаты Мемлекетіміздің елордасы туралы ақпараттар беру арқылы, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту барысында тапсырмаларды орындау арқылы, тақырып аясында сұрақ-жауап арқылы ойларын жинақтау, үш тілде сөздік қорын нығайту және тапсырмаларды орындауда танымдық қабілеттерін арттыру.

Ана тілдің табиғатын терең білмейінше, оны жаныңа жақын тұтып, жүрегіңнің тереңіне түйіп алмайынша ата жұртыңның, туған ұлтыңның қадіріне жетуің қиын. Айтар сөзін дұрыс таңбалай алмаудың өзі рухани кемтарлықтың көрінісі.

Қазақ тіл ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов «Тіл құралы» оқулығында әр­бір әріптің таңбалануымен қо­са дыбысталуы, буын үндес­ті­гі заңдылықтары ту­ралы ере­­­же­­лерді жүйелеп беруі­нің түбін­де сауатты жазудың ортақ үл­гісін қалыптастырудың қатаң қа­ғида­лары жатыр. Ахмет Байтұрсынұлының «Бала ана тілін жетік меңгеріп алмай, басқа пәндерді игере алмайды» деген сөзі бар. Әр сөздің шығу төркінін білу баланы таза, сауатты сөйлеуіне жеткілікті ұғым қалыптастырады. Мәселен сәресі деген сөз сақар асы, ағайын деген сөздің төркіні ағалы-інілі дегенді білдіреді. Жас ұрпақ сөздік қорды, құрамды жете таныса ол толыққанды тұлға болып қалыптасады.
Қанша жерден патриот, ұлтын шын сүйетін азамат болсын ана тілін терең меңгермеген, тілдік қоры жұтаң болса көкіректегі көрікті ойын көңілдегідей жеткізе алмай қор болары анық. Тілі сақау адамның келе-келе ой өрісі де жұтаңдана береді. Сондықтан, туған тіл – қазына, қияға самғар қос қанатың дейді атам қазақ. Бала теориялық жағынан мықты болуы үшін практикада шыңдалуы керек. Осы орайда жоғары сынып оқушылары эссе жазуда сауаттылықтарын кемел­дендіреді.
Ойын жұптап, мәнерлеп жеткізуде ашық сөзсайыс алаңдарының ықпалы зор. Ел болашағы – жас ұрпақтың ұлт­тық психологиясының қалыптасуында жетекші рөльге ие, ұлттық рух пен ұлт­тық кодтың негізі – Әдебиет пәнін жүйе­леп, ғылыми негізде оқытпайынша, қа­­зақ тілі пәнінің грамматикасын жүйелі түр­де терең меңгертпейінше, оқушы ойын жазбаша түрде жеткізуге үйретпейінше, қазақ тілі пәні ұстаздарының мойнынан жүк түспейді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.