Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледжі студенті Тұрсынбай Айжамал Түркістан облысы бойынша өткен Мемлекеттік тілдің, қолданылу аясын кеңейту, көркем әдебиетті, әлем және қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, жастардың рухани байлығын дамыту және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІ байқауының БАС ЖҮЛДЕГЕРІ атанды. Бүгінде Павлодар облысы Баянауылда өтіп жатқан сайысқа С.Торайғыров атындағы республикалық көркем сөз оқулары конкурсына қатысып, республика бойынша көптеген үміткерлерді басып озып, 3 орын иеленді.
Тұрсынбай Айжамал Бақкелдіқызын колледж абыройын асқақтатып, Шымкент қаласының намысын қорғап 3 орын иеленуімен құттықтаймыз!