Отырар ауданының әкімдігі аудан тұрғындары және қонақтары үшін хабарландыру жасады. Дәлірек айтсақ, 2022 жылдың 16 қыркүйегі күні Отырар ауданында «Отырар-антитеррор 2022» антитеррорлық оқу-жаттығу шаралары өтуде. Бұл жөнінде Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты – террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуының дағдыларын қалыптастыру. «Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз» — дейді жергілікті билік өкілдері.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.