– Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізі ұсынымдары бар. Бұл ұсынымдар инспекцияға қарасты барлық мемлекеттік қызметшілерге таныстырылған және басшылыққа алу туралы ескертілген. Аталған агенттіктің ұсынымы бойынша киімге қойылатын негізгі талаптар: ұқыптылық, мұнтаздық, жайлылық және сыртқы бейнеге шамданудың болмауы.
– Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік активтерді жеке мақсатта пайдаланудың алдын алу жұмыстары қалай жүргізілуде?
– Бүгінде инспекцияға қарасты 9 аудандық, 9 қалалық аумақтық инспекция басшылары мен қызметкерлеріне және облыстық аумақтық инспекция ұжымына мемлекеттік мүлікті тек қызмет бабында пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Біз, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері, активтердің түгелдігін қамтамасыз етуге және қызметтік міндеттерді атқару үшін сеніп тапсырылған, материалдық-техникалық ресурстарды (мүлік, көлік, жабдықтар, кеңсе заттары және тағы басқалары) күтіп ұстауға міндеттіміз. Бізге сеніп жүктелген ресурстарды барынша ұтымды және тек қызметтік мақсатта тиімділік пен үнемділік қағидаттарына сәйкес пайдалануымыз керек. Басқа тұлғаларға да заңсыз іс-әрекеттерді жасауға мейілінше тосқауыл қоюымыз қажет. Мынандай бір мысал келтіре кетейін. Ертеде Хазіреті Омар кешкілік үйінде май шаммен қазынаның жұмысын істеп отырады. Осы мезетте есік қағылып, ішке рұқсат сұрап өз шаруасымен бір адам келеді. Хазіреті Омар май шамды қолымен өшіріп, екінші май шамды жағып келген адамның шаруасын сұрайды. Әлгі адам шаруасын бітірген соң кетерінде «мына май шамдардың қандай айырмашылығы бар? Жарық сәулесі бірдей ғой» деп таңдана сұрақ қояды. Сонда Хазіреті Омар «мен істеп отырған жұмыс та, май шам да қазынаныкі, ал, сіз жеке шаруаңызбен келгендіктен оған өзімнің жеке май шамымды қолдандым» деген екен. Осындай әдепті әрбір мемлекеттік қызметші саналы түрде түйсінуі керек. Біз өз тарапымыздан қазынаның мүлкін үнемді, тиімді пайдаланып та мемлекетке орасан зор пайда әкелуге толық мүмкіндігіміз бар.