ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының Әділет министірінің тапсырмасына сәйкес алименттерді, сондай-ақ мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу бойынша жеке сот орындаушыларының сот актілерінін орындау тиімділігін арттыру мақсатында мәжіліс отырысы өткізілді.

Департамент басшысы Мұхит Тұрғараев төрағалық еткен жиынға атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысының міндетін атқарушы, Түркістан облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысың орынбасары, Түркістан облысының атқарушылық округінің жеке сот орындаушылары қатысты.

Департамент басшысы Мұхит Бекетұлы жиналысты кіріспе сөзімен ашып, күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін атап өтіп, баяндама жасау үшін департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің міндетін атқарушы Ж.Токсабаевқа сөз берді.

Мемлекет пайдасына өндіру туралы атқару өндірістерді аяқтау бойынша жұмысты күшейту, атқару құжаттарын қозғаудан негізсіз бас тартуларды болдырмау, бұл санаттағы атқарушылық іс жүргізулердің тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру жайы айтылды. Сондай ақ Департамент басшысы тарапынан Түркістан облысының атқарушылық округінің жеке сот орындаушыларына орындауда қалған алимент өндіру және мемлекет кірісіне айыппұл өндіру санатындағы атқарушылық құжаттарын тізімдеп, қалдықтағы өндірістер бойынша атқарылған жұмыстар туралы нәтижесі ұсынылу тапсырылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

6 Comments

  1. I have been browsing online more than 4 hours today, yet I never found any interesting article like yours.
    It is pretty worth enough for me. Personally,
    if all site owners and bloggers made good content as you did, the web will
    be a lot more useful than ever before.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.