Түркістан облысы: Отырар ауданының ауызсумен, электр жарығымен, табиғи газбен қамтылу деңгейін білгіңіз келсе…

Алдымен ауызсумен қамту деңгейіне келсе. Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің мәліметтеріне жүгінсек, Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннен 33 елді мекен (86,8%) немесе 52 955 адам орталықтандырылған ауызсумен жабдықталған.

Олар:

  1. «Теміржолсу Арыс» ЖШС арқылы – 6 елді мекен. Олар: Ақшоқат, Отырабат, 37-разъезд, Ұзынқұдық, Қостүйін, Қарақоңыр ауылдары. Ауызсудың бекітілген тарифтік бағасы — 58,18 теңге/м3.
  2. «Отырар-Қызмет» МКК арқылы – 15 елді мекен. Олар. Балтакөл, Көлқұдық, Үштам, Маяқұм, Шеңгелді, Көксарай, Аққұм, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе, Сарыкөл, Отырар, Ақтам, Қостерек ауылдары. Ауызсудың бекітілген тарифтік бағасы — 74,97 теңге/м3;
  3. Шәуілдір топтастырылған су жүйесі өндірістік бөлімшесі арқылы — 12 елді мекен (Шәуілдір, Мыңшұқыр, Қоғам, Ынталы, Талапты, Арыс, Шойманов, Шытты, Көкмардан, Қарғалы, Темір, Бестораңғыл ауылдары) ауызсумен қамтылған. Ауызсудың бекітілген тарифтік бағасы – 268,128 теңге/м3 ҚҚС-мен, одан тұрғындардан 40 теңгеден жиналып, қалған құны субсидияланады.

Қалған 5 елді мекеннің 4 елді мекенінің жерасты су қоры бекітілген (Бестам, Ызакөл, Жанкел, Сырдария ауылдары).

Жерасты су қоры анықталған 4 елді мекеннің 3 елді мекенін (Бестам – 204,645 млн. теңге, Ызакөл – 194,405 млн. теңге, Жанкел – 196,912 млн. теңге) ауызсумен қамту үшін ЖСҚ әзірленген.

2022-2023 жылдарға 3 елді мекенге (Бестам, Жанкел, Ызакөл) әзірленген жұмыс жобалары жүзеге асырылуда.   

Қарақоңыр ауыл округі, Сырдария  елді мекенін ауызсумен қамту мақсатында, ауызсу имараты құрылысы үшін жоспарланған жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Ақкөл елді мекеннің жерасты су қорына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы 2021 жылдан қаралып, жұмыстар атқарылуда, жоспарлы аяқталу мерзімі – 2023 жыл.

Электр саласы бойынша мынадай жұмыстар атқарылып жатыр: 

 Отырар ауданында 38 елді мекен (100,0%) орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Аудан көлемінде иесіз электрмен қамту нысандары анықталмаған.

Атап өтерлігі, 2022 жылы «Отырар ауданы, Қоғам ауыл округі, Қоғам елді мекеніндегі Ұ.Арғынбеков даңғылындағы (ауыл әкімшілігі мен Арыстанбаб кесенесі аралығы) жаңа тұрғын үйлер алабын электрмен қамту желілерінің құрылысы» (сметалық құны – 18,087 млн. теңге) және «Отырар ауданы, Темір ауыл округі, Темір елді мекеніндегі Р.Әбдірайымов көшесіндегі (күн батыс бөлігі) жеке тұрғын үйлерді электрмен қамту құрылысы» (сметалық құны – 28,051 млн. теңге) жұмыс жобалары жүзеге асырылылып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Темір 35/10 қосалқы электр станциясына 2500 кВА трансформатор орнату, Отырар ауыл округі Арыс елді мекені Н.Төреқұлов көшесін электрмен қамту және Отырар ауыл округі М.Шойманов елді мекені Сырым батыр көшесін электрмен қамту нысандары жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

Газдандыру жұмыстарына ойыссақ.

Ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2017 жылдары АГТС салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған. 2018-2022 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары басталған 21 нысанның бүгінгі таңға 12 (Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ш.Қалдаяқов, Қарақоңыр, Қоғам, Мыңшұқыр, Ынталы, Талапты, Отырар, Бестораңғыл, Арыс (Ақтам) нысаны аяқталған.

9 елді мекеннің (Шәуілдір, Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария) құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі таңда 8 елді мекенге (Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Қарақоңыр, Қоғам, Ынталы, Мыңшұқыр) табиғи газға тұрақты берілуде. Кезектегі 5 елді мекенге (Шәуілдір, Темір, Талапты, Бестораңғыл, Ақтам) табиғи газ беру үшін тиісті құжаттар әзірленіп, газға қосу жұмыстары  жүргізілуде.

Өз кезегінде 2022 жылға Сырдария өзенінің батыс бөлігінде орналасқан 12 елді мекенді (Аққұм, Жанкел, Көксарай, Ызакөл, Шеңгелді, Қостерек, Бестам, Маяқұм, Үштам, Көлқұдық, Балтакөл, Ақкөл)  газдандыру мақсатында техникалық шарт алуға сұраныстар беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.