Шымкент: Медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғысын тарту етті

Шымкентте коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғысы тарту етілді. Сыйлықтарды ақ халаттыларға «ZEPTER International» компаниясының қызметкерлері жеткізіп берді.


Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық басқармасы хабарлайды.

Қайырымдылық шара коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлерін қолдауға бағытталған. Игі іс шараға мұрындық болған «ZEPTER International» компаниясы атынан қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасы, №2 оңалту орталығы мен «Мейірім» оңалту орталығына замануи үлгідегі “Therapy Air ® iOn” ауа тазартқыш қондырғысы сыға тарту етілді.

Бұл жоғары технологиялық құрал бөлме ауасын таза және қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беретін заманауи технология негізінде жасалған деп атап өтті басқарма баспасөз қызметі.

Аталған медициналық ұйымдарда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға емдеу іс шараларын жүргізеді.

Халықаралық компания коронавирус инфекциясымен күресте зор үлесін қосып жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын осылай білдіруді жөн деп тапты.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.