Шымкентте газды пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзғандарға айыппұл салынуда

Соңғы кездері қала аумағында улы газдан улану жағдайларының саны артуда. Мұндай жағдайлар тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылармен газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін сақтамадаудан орын алып отыр.

Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті, аудан әкімдіктері және Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының тарапынан газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін сақтау жөніндегі түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

2022 жылы газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу бойынша — 7 дерек анықталған болса, 2023 жылы — 65 жеке тұлғаға 784 875 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Егер улану жағдайы орын алса, адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болу қажет. Улы газ иіссіз болатындықтан, тыныс алу ауасының құрамында0,08%көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы 0,32% дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады (өлім 30 минуттан кейін келеді).

Концентрация1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін өлімге әкеледі.

Мұндай жағдайда зардар шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер адам есін біліп жатырса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал зардап шегуші дем алмай жатырса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап алып жасанды дем беру қажет. Және де әрине «Жедел жәрдем» қызметін шақырыңыз. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда өмірлік маңызды функциялары қалыпқа келгеннен соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге тырысыңыз.

Есіңізде болсын, уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныш алу керек.

Газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес айыппұл салу көзделгендігін хабарлаймыз.

Газ тұтынуда қауіпсіздік жөнінде мәселелер туындаса Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының байланыс нөмірі арқылы хабараласып білуге болады.

Instagram – gask.shym

Facebook – ГАСК

Whats App – 8701 333 40 15

104 – газ авариялық қызметі

Ad Widget

Recommended For You