Шымкент: Тұрғындардың ұсынысымен жеті спорт алаңы салынады

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Шымкент қаласының тұрғындарына аулалар мен көпқабатты үй маңындағы аумақтарды дамытуға және абаттандыруға тікелей араласауына мүмкіндік береді.

Өткен жылы Қаратау ауданында осы бағдарлама шеңберінде 26 жоба бойынша аулалар абаттандырылып, ойын алаңшалары орнатылған. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жаңадан балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылады. Бұл жөнінде Қаратау ауданы әкімдігі хабарлады.

Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта 2023 жылы 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Оның ішінде, Тұран шағынауданында — 2, Нұртаста — 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабына — 1 спорт алаңы салынады.

Спорт алаңдарында жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған беседка, қоқыс жәшіктері және орындықтар қойылады. Мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға мүмкіндік береді. Айта кетсек, орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 254 бұйрығы қабылданды, онда халықтық қатысу бюджетін жүргізу рәсімдері айқындалған еді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.