Бүгінгі таңда ауданда 5 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. 420 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл зауыттар жылына 5600 тонна балық өнімдерін өңдеп, 5,5 миллиард теңгенің өнімін экспорттайды. Жұмысшыларының орташа жалақылары 200 мың теңгені құраса, мемлекет кірісіне шамамен 600 миллион теңгедей салық төлейді. Шикізаттың 90 % астамы (4880 тонна) өзге өңірлерден тасымалдануда.
Сырттан тасымалданатын шикізатқа тәуелділікті азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнімділікті артыру мақсатында өткен жылы құны 380 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 770 тонна балық өнімдерін өндіретін және 33 адамды жұмыспен қамтитын 5 жоба жүзеге асты. Олар: ЖК «Томай» инкубациялық әдіспен балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «А.Байқошқаровтың» инкубациялық әдіспен және тоғанда балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). «Молдияр» ЖШС торлы шарбақта балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «М.Бекарыстанәлі» торлы шарбақта балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған). ЖК «А.Әлібаев» тоғанда балық өсіру жобасы (Жоба іске қосылған).
Ал 2023 жылы қуаттылығы жылына 1700 тонна балық өнімдерін өндіретін және 87 адамды жұмыспен қамтитын 1710 миллион теңгеге 13 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жоба іске асқан жағдайда 120 миллион теңге салық төлеп, орташа айлық жалақы 200 мың теңге құрайды. Нақтырақ айтсақ, ЖК «Т.Жалғасбаевтың» балықтан жем және май дайындау жобасы.
«Vita» ЖШС-нің балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы. ЖК А.Байқошқаровтың инкубациялық цех салу жобасы. «Хамит» АӨК-нің балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы. ЖК «Томайдың» балық өсіру кешенін ұлғайту жобасы. ЖК «Әлібаев Асан» тоғанда балық өсіру жобасы. «Молдияр» ЖШС-нің тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК Б.Смайыловтың торлы шарбақта балық өсіру жобасы. ЖК «Қарақаттың» тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК «М.Базыловтың тоғанда балық өсіру жобасы. ЖК «Ж.Жақсылықтың торлы шарбақта балық өсіру жобасы.
ЖК «Томайдың» инкубациялық әдіспен балық өсіруді кеңейту жобасы (қуаттылғын 500 тоннаға дейін арттыру).
Жоғарыда айтып өткеніміздей, ауданның балық шаруашылығын дамыту бағыты қарқынды. Былтыр тұрғындар осы салаға субсидияларды қарастыруды сұраған болатын. Облыстық бюджеттен осы мақсатта биыл 500 миллион теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар, инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға республикалық бюджеттен 226 миллион теңге бөлінді.
Бұл ретте Шардара ауданы әкімдігі «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №180 бұйрығының 14-тармағына сәйкес, субсидия алуға арналған өтінімдерді қабылдау тиісті жылдың 1 наурызынан бастап 1 желтоқсанына дейін, ал Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 219 бұйрығының 17-тармағына сәйкес, өтінімдерді қабылдау тиісті жылдың 1 наурызынан бастап 15 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі KEZEKTE.KZ веб-порталы арқылы жүзеге асырылатыны назарларыңызға ұсынылады. Сонымен қатар, субсидия алуға ниет білдірген балық өндіруші субъектілері статистика органдарына тиісті есептерін ұсыну қажет» — деген хабарландыру таратты.
Еске салайық, Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген.
Бүгінгі күні отандық балық және балық өнімдері өндірісінің көлемін 6,9 мыңнан 600 мың тоннаға дейін ұлғайту әлеуеті бар, бұл көрші елдерге және әлемдік нарықтарға экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Соңғы 5 жылда өсірілген балық көлемі 729,8-ден 6,9 мың тоннаға дейін ұлғайды. Салада шамамен 11 мың адам жұмыс істейді.
Балық шаруашылығы қорының құрамына Каспий және Арал теңіздері акваториясының елеулі бөлігі, Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі (Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл), Бұқтырма, Қапшағай, Шардара су қоймалары, сондай-ақ республикалық және жергілікті маңызы бар басқа да су айдындары кіреді.
Каспий теңізін есепке алмағанда су айдындарының жалпы ауданы 5 млн гектарды құрайды. 1965 жылы республика су айдындарында балық аулаудың жалпы көлемі 111,9 мың тоннаны құрады. 1990 жылдан 2004 жылдар аралығында балық аулау көлемі 80,9 мың тоннадан 36,6 мың тоннаға дейін төмендегені байқалды.
2006 жылдан бастап уәкілетті орган балық шаруашылығы субъектілеріне балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ұзақ мерзімге бекітіп беру бойынша жұмыстарды бастады, олар өздеріне бекітіп берілген учаскелерді қорғау, өсімін молайту шараларын және бекітіп берілген су айдындары мен учаскелердегі биоресурстар мен мекен ету орталарының жай-күйін бағалауды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер алды.
Бұл ретте соңғы 5 жылда (2015 – 2019 жылдар) лимит 263,5 мың тонна болғанымен, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау 207,1 мың тоннаны құрады.
Балық пен басқа да су жануарларын өсіру азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесімен қатар, табиғи су айдындарын оларды шамадан тыс пайдалану нәтижесінде түсетін антропогендік жүктемеден арылту мәселелерінде де барынша сұранысқа ие тренд болып табылады.
Осы бағытты дамыту агроөнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін орта және шағын бизнестің дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз, негізінен ауылдық жерлерде қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және өңірлік сипаттағы бірқатар проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін тұтас мультипликативтік әсері болады. 2015 – 2019 жылдар кезеңінде республикада балық өсіру шаруашылықтарында 18,0 мың тонна тауарлық балық өсірілді.
Қазақстан Республикасы экономиканың осы секторын және агроөнеркәсіптік кешеннің осы бағытын дамытудың зор әлеуетіне ие. Мысалы, ел аумағында қазіргі 7 аймақтың 6-ында балық өсіру аймағы бар.
Тұтастай алғанда, сарапшылардың бағалауы бойынша осы бағыттың әлеуеті 600 мың тоннаға дейінгі тауарлық өнімді құрайды, ол жан басына шаққандағы тұтыну деңгейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынған көлемге дейін көтеруге мүмкіндік береді, және шамамен 14,6 кг құрайды, сондай-ақ қосылған құны жоғары терең өңделген өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде саланың салық салынатын базасын және әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылығын көтеруге мүмкіндік береді.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін осы бағдарлама шеңберінде азық, балық өсіру материалын сатып алу, құнды балық түрлерінің аналық-толықтыру үйірін сатып алу және ұстау, дәрілік препараттарды сатып алу, балық өсіру-биологиялық негіздемелерді әзірлеу сияқты өзіндік құнның негізгі құрамдас бөліктерін субсидиялауды, сондай-ақ балық өсіру шаруашылықтарының барлық түрлері: көлде тауарлық балық өсіру шаруашылығына, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығына, тоғанда балық өсіру шаруашылығына және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығына инвестициялық субсидияларды қамтитын мемлекеттік қолдау шараларының кешенін тұжырымдау болжанып отыр.
Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнаманың нормалары балық пен балық өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың өндірістік қуаты, шығарылатын өнімнің түрлері мен көлемі, шикізат жеткізу және өнім өткізу арналары, персонал саны, экономикалық көрсеткіштер туралы, сондай-ақ балық өнімдерін сатып алумен және өткізумен, көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар бойынша толық көлемде ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.
Бұдан басқа, баға белгілеуге, балық өңдеу кәсіпорындарының рентабельділігіне, олардың ассортиментіне және республика нарығында ұсынылған балық өнімдері түрлерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар анықталмаған.
Республикадағы балық өнімдерінің экспорты көп жағдайларда жаңадан мұздатылған өңделмеген балық экспортынан көрінетін шикізаттық бағытқа ие.
Балық өңдеу қуаттарының орналасуы, әдеттегідей ірі кәсіпшілік су айдындарына байланыстырылған. Бұл ретте балық өңдеудің негізгі көлемі Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына тиесілі. Балық өңдейтін 100 кәсіпорынның қуаты жылына 87 мың тоннаны құрайды, алайда олардың жүктелуі 43 %-дан аспайды.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша өңделген шикізаттан Еуропа елдерінің нарықтарында коммерциялық құндылығы бар көксерке филесі артықшылыққа ие.
Бүгінгі таңда 17 балық өңдеу кәсіпорнында Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттауға құқық беретін еуро нөмірлері бар.
Сонымен қатар, нарықты кеңейту мақсатында Қазақстан мен Қытай арасында ветеринарлық сертификат келісілді. Бұл ретте Қытай Халық Республикасының тізіліміне қазақстандық 64 кәсіпорын енгізілген.
2015 – 2019 жылдары республикада 167,4 мың тонна өңделген балық және балық өнімдері өндірілді. Бұл ретте, бұл көрсеткіш 2017 жылы ең жоғары болды.
2019 жылы балық өнімдерінің импорты 74,3 млн АҚШ доллары сомасына 45,5 мың тоннаны құрады, бұл ретте импорттың шамамен 80 %-ы мұхит балығы және теңіз өнімдері.
Балық өнімдерінің негізгі импорттаушылары: АҚШ (17,9 млн АҚШ доллары), Жапония (11,7 млн АҚШ доллары), Қытай (8,0 млн АҚШ доллары), Испания (6,8 млн АҚШ доллары), Вьетнам (6,1 млн АҚШ доллары), Франция (5,4 млн АҚШ доллары), Италия (5,1 млн АҚШ доллары), Германия (4,7 млн АҚШ доллары) және т. б.
Бұл ретте, Қазақстан жыл сайын шамамен 60 млн АҚШ доллары сомасына 30 мың тонна балық өнімін таяу және алыс шетелдің 36 еліне (Германия, Нидерланды, Ресей, Украина, Литва, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Болгария, Мажарстан, Грузия, Дания, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және т.б.) экспорттайды.
Дайын өнімнің келесі түрлерін шығару жолға қойылған: салқындатылған-мұздатылған балық, балық филесі, ысталған және қақталған балық, балық өнімдері, аспаздық өнімдер мен жартылай фабрикаттар, балық консервілері, сондай-ақ май-ұн өнімдері.
Осылайша, балық өнімдерінің импорты орта есеппен барлық ресурстардың 56 %-ын немесе жартысынан астамын құрайды, бұл халықты жеткілікті балық өнімдерімен қамтамасыз етуде елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге төнетін қауіптердің бірі болып табылады.
Ел халқын өз балығымызбен қамтамасыз етуді ұлғайту үшін импорт алмастыру саясатын іске асыру қажет, оның негіздерінің бірі отандық балық тауарларының өндірісін дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасы кеден және статистика органдарының деректеріне сүйенсек, Қазақстан бойынша экспорт 27 мың тоннадан асады, ал 2019 жылы жалпы экспорт 30 мың тоннаға дейін жетті.
«Бағдарламаны қабылдау елдің балық шаруашылығын қалпына келтіруге және дамытуға, балықты өнеркәсіптік өндірудің жаңа объектілерін енгізуге, оларды өсіру және тауарлық балық өнімін алу жағдайларын жетілдіруге ықпал ететін болады, бұл өндірісті ұлғайтуға және ел халқын балық өнімімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» — дейді сала мамандары.
Бұл жағдай балық өңдеу өнеркәсібін дамыту, қосылған құны жоғары балық өнімдерін шығару есебінен балық өнімдері экспортының көлемін ұлғайтуға, іскерлік белсенділіктің өсуіне, инвестициялар есебінен қосымша қаражаттың құйылуына әкеледі. Жалпы, тауарлық балық өсіруді дамыту табиғи су айдындарының балық ресурстарына кәсіпшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, балық өсіруді дамыту жалпы өндіріс, жалпы балық және балық өнімдері көлемінің ұлғаюымен мультипликативтік әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді деп күтілуде.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.