Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыру және бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, аса қауіпті зиянкестерге (Марокко шегірткесіне) қарсы химиялық күрес шараларын ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары басты назарда тұр

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Аппарат мәжілісінде 5 мәселе қаралды.

Аудан бюджетінің орындалуы және 2023 жылғы 3 айдың қорытындысымен қаржының игерілуі, 2023 жылы 2 айдың қорытындысымен негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және межеленген көрсеткіштерге қол жеткізу жоспары туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мейрамкүл Тұрымбекова, Көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыру және бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, аса қауіпті зиянкестерге (Марокко шегірткесіне) қарсы химиялық күрес шараларын ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарының барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметов есепті хабарламалары тыңдалды. Мәжілісте аудан аумағындағы елді мекендердегі санитарлық-тазалық жұмыстары мен көрнекі-үгіт құралдары туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрдос Айдарбеков хабарлама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталған аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бірқатар бөлім басшылары мен ауылдық округі әкімдерінің жұмыстарын сынға алып, ескертпелер айтты.

— Уақыт күнделікті өтіп жатыр. Әрбір жоспарланған жобалар іске асуы керек. Сондықтан қарап отыратын кезең емес. Бірінші кезекте — нәтиже. Жұмысқа кірісіңіздер, — деп ескерткен аудан әкімі орындалуына байланысты мерзімін белгілеп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұл ретте ауыл шаруашылығының өзекті мәселелеріне Бәйдібек ауданының прокуроры Н.Ешенқұловтың да бейжай қарамайтынын ерекше атап өткен орынды. Аудан прокурорының тұрғындарымен кездесуі Ағыбет, Алғабас және Мыңбұлақ ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

Жиынға жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың, аудандық полиция бөлімінің, дербес бөлімдер мен ауыз су, электр жарығы, интернет жүйелеріне байланысты мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғындардың көкейінде жүрген өзекті мәселелер: жайылым жер, ауыз су, интернет жүйесі, электр жарығы бойынша сұрақтарына жауаптар беріліп, құқықбұзушылық және кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық профилактикасы, суицид, ерте жүктілік, жол көлік оқиғалары, мал ұрлығы, алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтық қылмыстары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу қорытындысына сәйкес бірқатар мәселелер назарға алынып, оңды шешімін табу мақсатында хаттамаға енгізілді.

Тиісті жұмыстарды жүргізу үшін жауапты мекемелерге аудан прокуроры тарапынан тапсырмалар берілді.

Жайылым демекші, Бәйдібек ауданының барлық жер көлемі 721853 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 539129 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 112345 гектар, суармалы егістік — 11767 гектар, көп жылдық өсімдіктер — 392 гектар, шабындық жерлер — 27339 гектар, жайылымдар — 387286 гектар.

Жер санаттары бойынша:

ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері — 539129 гектар;

елді мекендердің жерлері — 73847 гектар;

өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 1052 гектар;

ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 61211 гектар;

орман қорының жерлері — 27125 гектар;

су қорының жерлері — 1165 гектар;

Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Бәйдібек ауданында 11 ауылдық округ, 52 ауылдық елдімекен орналасқан.

Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 539129 гектар. Оның ішінде егістік жерлер 112345 гектар, оның ішінде суармалы егістік 11767 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 392 гектар, шабындық жерлер 27339 гектар, жайылымдық 387286 гектар.

Бәйдібек ауданы бойынша ірі қара — 69387, қой-ешкі — 680426, жылқы — 23763, түйе 489 басқа жетті.

Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсеттетін ветеринариялық-санитариялық объектілер: мал тоғыту орындары – 29, қашырым пунктері – 36 және биотермиялық шұңқырлар саны – 38.

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жұртшылық шаруашылық малдарын жемшөпке деген қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбаудың негізгі мақсаты болып табылады.

Ауданның шаруашылық жағдайына байланысты және табиғаттың әр алуандығы малды жайылымдық-қоралық жүйеде ұсталады. Жайылымдық-қоралық жүйеде қойлар жазда жайылымда болады, қыста өздерінің дайындаған азығымен толық құнды азықтандырумен қоралы ұстауда болады.

Ауа райы жылы уақытта сауынды сиырлар қолда қорада ұсталынады. Уақ малдар, тана-торпақтар және жылқылар жылдың наурыз айының соңынан бастап тау бөктері мен жазықтықта бағылады. Жазда Қаратау тауында, күзде мал қайтадан тау бөктерлі жазықтыққа айдалып келеді, ал қыста жылы күндерде далада жайып, суық күндерде қорада бағылады. Сонымен қатар қыс уақытында, қазан айы мен сәуір айы аралығында қолда бағылады.Табиғи су көздеріндегі мал суаты ағып өтетін өзен бойынан жануарлар үшін ыңғайлы орындарда жүзеге асырылады. Жылдық қажет ететін жем-шөп қорының негізгі бөлігі (85-90%) жайылымдық жерлерден дайындалады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

430 Comments

  1. Không chỉ đơn giản là cá cược; nơi đây còn giúp ta xây dựng thêm nhiều kỷ niệm đẹp bên cạnh những giây phút hồi hộp nhất định phải trải qua đó nha mọi người ơi! B52Club

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.