Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының әкімі су шаруашылығы нысандарын күрделі жөндеуден өткізбек

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен ағын су бойынша құрылған жұмысшы топ мүшелерінің қатысуымен жиын өтті.

Жиынды бастамас бұрын аудан әкімі Арман Абдуллаев су шаруашылығы саласын дамытуда қосқан үлесі үшін өз ризашылығын білдіре отырып, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы «Зах-Келес» өндірістік бөлімшесінің басшысы Ж.Бақашбаевты облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

Айта кетсек, ағымдағы жылы аудан әкімі Арман Абдуллаевтың шешіміне сәйкес жұмысшы топ құрылған болатын. Жұмысшы топ құрамына су шаруашылығы саласының ардагерлері мен мамандары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары және ауылдық округ әкімдері кірген.

Аталған жұмысшы топты құрудағы басты мақсат — Сарыағаш ауданын суландыру жүйелерінің техникалық жағдайын талдап, оларды қалпына келтіру, жақсарту арқылы сумен өткізу мүмкіндігін арттыру және суды тиімді пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған егістік жерлерді қайта айналымға қосу.

Жиын барысында жұмысшы топ мүшелері аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес су жүйелері бойынша анықтау зерделеу жұмыстарын жүргізгендігін айтып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмысшы топтың қорытындысына сәйкес, су шаруашылығы жүйелерін бір жүйеге келтіріп, күрделі жөндеуден өткізу бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсыныс хат жіберу бойынша тиісті бөлім басшысына тапсырма берді.

Сонымен бірге бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіндегі Дихан баба елді мекеніне арнайы барып, мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының сапасын бақылады. Мәдениет үйін аралап көрген аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне жұмыстың сапасына мән беріп, мерзімінен кешіктірмеу керектігін ескертіп, жауапты бөлім басшысына нысандағы құрылыс жұмыстарының барысын қадағалауда ұстауды тапсырды.

Айта кетсек, нысанның ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталып, қазіргі таңда ауа желдеткіштері мен газға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Содан соң, аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысты.

Айта кетсек, бүгінгі таңда аталған нысан ғимаратының қабырғасы тұрғызылып, шатыры жабылған. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтап, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға беру жоспарлануда.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.

Сонымен қатар, аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекенінде құрылыс жұмыстары басталған спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыстың жағдайымен танысқан аудан әкімі тиісті бөлім басшысына құрылыс жұмыстарын сапалы бастауға және қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Мұнан соң бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барды.

Алдымен Жылға ауылдық округі әкімі аппаратында ауыл ақсақалдарымен кездесіп, мәселелері мен ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Содан соң, аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан құрылыс алаңын қоршау және қазан шұңқыр қазу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмысының қарқынына куә болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне жұмысты сапалы жүргізуді, тиісті бөлім басшысына құрылыс алаңындағы жұмыстар барысын бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға елді мекені көшелерін абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда аталған елді мекенде көше жарықшамдарын, аяқ жол (брусчатка) және су астауларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.