Тұрғындар мен билік арасындағы байланыстың бір көрінісі есептік кездесу екені белгілі. Өйткені, мұнда халық ауданның дамуы, экономикалық жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы мәліметтерден атқарушы биліктің өз аузынан хабардар болады. Сондай-ақ, өздерінің ұсыныс-талаптарын ортаға салуға мүмкіндік алады.
Тақырыпта айтылған мәселелерді Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Жүйнек ауыл округінің тұрғындарымен есепті кездесуінде айтқан болатын. Алдымен аудан басшысы ІІ тоқсанда атқарылған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Жалпы алғанда, былтыр ауданда іргелі істер мен ірі жобалар іске асырылып, көптеген жұмыстар қолға алынған.
Аудан әкімінің баянынан кейін ауыл тұрғындары көкейкесті сұрақтарын қойып, талап-тілектерін айтты. А.Югнаки мектебінің жылыту қазандығы қайта жөндеуді қажет ететін көрінеді. Ауыл тұрғындарының «қыстың көзі қырауда балалары жылы мектепте оқыса» деген тілегі бар. Ғалымжан Үсенбаев мәселе оңтайлы шешілетіндігіне сендірді. Оқушылар жылы мектепте оқиды. Тиісті сала маманы осылай жауап берді.
Тұрғындарды алаңдататын тағы бір мәселе — мектептің алдындағы көше. Жаяу жүргіншілер жолағына сақшы немесе қоғамдық жұмысшы қоюды сұрады. Балалардың қауіпсіздігі үшін.
Бұдан бөлек Жүйнек елді мекенінде ұялы байланысы нашар. «Ұялы байланыс антеннасы қойылса» — дейді тұрғындар.
Оған қоса жер қойнауын заңсыз пайдаланғандарды тоқтату, шалғайдағы егістік жерлерге құдық қазу, электр бағаналаларын ауыстыру, Қарнақ ауылының жерін Жүйнек ауыл округіне қайтару сынды бірқатар мәселелерді де қалың бұқара көтерді. Аудан әкімі өзіне қойылған сұрақтарға нақты әрі тұщымды жауап берді.
— Расында да, Сауран ауданы үшін ағын су, жайылымды жер — өткір мәселе. Жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жолға қойылды. Нәтижесінде кейбір ауыл округтерінде ортақ жайылымды жердің көлемі артып жатыр. Ал, ағын су тек бір ауданға қатысты мәселе емес. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Проблема бүгін ертең шешіледі деп уәде бере алмаймын. Ол үшін өңір бойынша жүйелі жұмыс атқаруымыз керек. Ал жол салу, бағаналарды жаңарту — ретімен шешілетін мәселе, — деген-ді жиында Ғалымжан Қарабайұлы.
Осы орайда тілге тиек етер жайт, Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар 126,9 гектар көлемінде белгіленіп отыр. Оның ішінде: 48,5 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару арқылы, ал 78,4 мың гектар жер учаскесін меморандум арқылы қайтару жоспарланған.
Бүгінде аталмыш жоспардың орындалуына келсек, мемлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың гектар жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулысы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың гектар жер учаскесіне шаруа қожалығы иелерімен келісімшарт түзу мен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 121 903,57 мың гектар жер учаскесін құрап отыр.
Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған екен.
Сонымен қатар, Сауран ауданы әкімдігі тарапынан жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа жалпы көлемі 891,06 гектар, ал жалпы саны 8 жер учаскесін қайтару туралы талап қою арыз жолданып, бүгінгі таңда сот өндірісінде қаралуда.
Елді мекендердегі жергілікті халықтың шаруашылығындағы мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылын жою – басты назарда. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды жіті қадағалап отыр. Тіпті облыс басшысы берілген тапсырманы өз деңгейінде орындамаған аудан, қала әкімдерін сынға да алып жүр.
– Инспекция мен облыстық прокуратураның мәліметі екі түрлі. Нақтылаңыздар. Қағаздағы мәлімет пен іс жүзіндегі жұмыстар сай келуі керек. Ауыл шаруашылығы саласы – экономикамыздың басты драйвері. Сондықтан бұл саланы дамыту да, халыққа қолайлы жағдай жасау да өте маңызды. Бұл мәселе — тұрақты бақылауда, – дейді Дархан Сатыбалды.
Ортақ жайылым жерлерді қайтару барысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, биылғы жартыжылдықта аудан, қала әкімдіктері тарапынан 110,5 мың гектар жайылым жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылған. Сонымен қатар шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру мақсатында босалқы жердегі жайылымдарды шалғайдағы жайылымға бекіту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі бойынша шалғайдағы жайылымға шығару жобасы әзірленіп, жұмыстары атқарылуда.
2023 жылға ортақ жайылым көлемін 2 бағыт бойынша 1 015,0 мың гектарға ұлғайту жоспары бекітіліп, аудан, қала әкімдіктеріне тапсырма берілді. Бірінші бағыт бойынша 333,2 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне ортақ жайылымға қайтару көзделген. Екінші бағыт бойынша жалпы ортақ жайылым қажеттілігінен 681,8 мың гектарға төмендету, яғни елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру және аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын құру бағыттарында жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Жер учаскелерін қайтару жұмыстары облыс әкімдігімен бекітіліп, кестеге сәйкес жүргізілуде. Ортақ жайылымға қайтарылған жер учаскелерін 2023 жылға бекітілген жоспардың орындалуы тұрақты бақылауға алынып, жыл қорытындысымен толығымен орындалатын болады.
Айта кетейік, 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1 012,0 мың га ұлғайту жоспарланып, жыл қорытындысымен елді мекен тұрғындары 1 034,8 мың га ортақ жайылыммен қамтамасыз етілді.
Иә, еліміз жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-орында болғанымен, жердің жетіспеуіне қатысты мәселе жиі бой көрсететін болды. Соның бірі – ауылдағы ағайынға мал жаятын жайылымның тапшылығы. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Бас прокуратураға бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Бұл іске «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді атсалысты. Комиссия мүшелері еліміздің әр өңірін аралап, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтарумен айналысып келеді. Мысалы, өткен жылы еліміз бойынша 5 миллион гектар жер мемлекет меншігіне өтсе, оның 3 миллион гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асқан. Түркістан облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Аманкелдіұлы «Өткен жылы республикалық «Жер аманаты» комиссиясы жұмыс тобының төрағасы, «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек, партияның фракция мүшелері Ерлан Сайыров, Жанарбек Әшімжан және Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов облыстық «Жер аманаты» жұмыс тобымен бірлесіп бірқатар жұмыс атқарды. Атап айтсақ, Ордабасы ауданы Ақсары елді мекеніне, Бәйдібек, Отырар, Төлеби аудандары және Арыс қаласы тұрғындарымен кездесіп, республикалық деңгейде ортақ жайылымды ұлғайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Жер аманаты» комиссиясының міндеті – ауыл тұрғындарына жайылымның қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Жұмыс тобы облыстық Жер қатынастары басқармасымен және аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін ұлғайту мақсатында 412,2 мың гектар жайылымды мемлекет меншігіне қайтарды» — дейді.
Жалпы, өңір бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 4518,5 мың гектар. Оның ішінде егістік – 875,3 мың гектар, көпжылдық екпелер – 27,5 мың гектар, тыңайған жерлер – 96,1 мың гектар, шабындық – 68,6 мың гектар, жайылым – 3333,6 мың гектар, өзге де жерлер – 117,4 мың гектар.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мал басына жайылым жеткілікті. Негізгі мәселе облыс елді мекендеріндегі жайылым тапшылығында болып отыр. 2021 жылы аудан, қалалар кесіндісіне сәйкес, 174 ауылдық округтегі 826 елді мекенге талдау жасалып, жайылым тапшылығы 3 867,8 мың гектар екені анықталған болатын. Содан кейін жайылымды қайтарудың қадамдық алгоритмі бекітіліп, бірінші кезекте ең өзекті жайылым мәселелері бар елді мекендерге басымдық берілді. Нәтижесінде, 133 елді мекен маңындағы 135,8 мың гектар жер ортақ жайылым ретінде ауыл әкімшіліктерінің теңгеріміне бекітілді. Облыс бойынша ортақ жайылымның көлемі – 748 мың гектар. 70 ауылдық округ (247 елді мекен) жайылыммен қамтамасыз етілген соң жайылым тапшылығы 3119,8 мың гектар болды. 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1 012,0 мың гектарға ұлғайту жоспарланып, қосымша 42 ауылдық округті (164 елді мекен) ортақ жайылыммен қамтамасыз ету көзделген болатын. Осыдан кейін елді мекен тұрғындары 1 034,8 мың гектар ортақ жайылыммен қамтамасыз етіліп, жоспар толығымен орындалды. Жайылым тапшылығын жою үшін ауқымды жоспар құрылды. Мысалы, елді мекен тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығындағы мал басын шектеу мен мал ұстау тәртібін белгілеу бойынша «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасына ұсыныстар енгізу. Сонымен қатар Президенттің ауылдардағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 2,5 пайызбен несие беру тапсырмасына дайындық ретінде жайылым қоры шектеулі аудандарда шағын мал бордақылау алаңдарын ашу және де кооперативтерге біріктіру бағыттарында жұмыс жүргізу арқылы жайылым тапшылығын азайту. Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардың малын шалғайдағы жайылымдарда маусымдық жаю арқылы жалпы жайылымдарға жүктемені төмендету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу үшін ұйымдастырылатын конкурсты электронды форматқа ауыстыру да маңызды міндет болып отыр. 2021-2022 жылдары ортақ жайылымға енгізілген жер телімдерінің карталары әзірленіп, елді мекен тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 2023 жылға арналған жоспарды әзірлеу үшін облыстық Жер қатынастары басқармасы аудан, қала әкімдіктерімен бірлесіп, әрбір елді мекен бойынша жайылым қажеттілігіне талдау жасады. Сонымен қатар жаңадан ашылатын шағын мал бордақылау алаңдарында ұсталынатын мал басына да талдау жүргізіліп жатыр.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалануға қатысты автоматтандырылған мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру үшін «Жер инспекторының кабинеті» (JerInSpectr) платформасы әзірленді. «JerInSpectr» жұмыс істеу тетігі жер қатынастары саласындағы уәкілетті ЖАО қызметкерлерінің және аумақтық бөлімшенің жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларының жерді пайдалануға қатысты заңбұзушылықтарды анықтауына негізделген.
Тұрғындарды жеке ауладағы мал басына жайылым жетіспеушілігі, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіндегі азаматтарға жер учаскесін беру мәселесі, Өндірістік кооператив мүшелерімен шартты жер үлестеріне қатысты мәселелер, сондай-ақ тиісті құжаттары рәсімделмей құрылысы жүргізілген және заңсыз салынған тұрғын үйлерге қатысты туындаған даулар мазалайды. Осы бағытта Сауран ауданы бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылып жатыр.
Естеріңізде болса, биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды» — деген болатын.
Сондай-ақ, Ғалымжан Қарабайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына айрықша көңіл бөлетінін жеткізді. Жиын соңында ауыл округінің әкімі Төребай Асқарұлына Жүйнектегі жұмыстарды жүйелеуді тапсырды. Алдағы уақытта ауданның қарқынды дамуы үшiн ауыл шаруашылығы және құрылыс, коммуналдық мәселелердi шешу, инвестиция тарту жұмыстары жанданатынына ауыл тұрғындары сенім білдірді.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Shop Grownup Sex Toys Online Rose Toy This vibrator looks like a
lipstick, giving you a pointed tip, and a flat surface to alternate between depending on what sensation you are in search of.
cock ring
adult toys
g spot vibrator
wholesale dildo
strap on
Realistic Dildo
dildo
strap on
adult store
sex shop
Realistic Dildo
vibrators
dildo
male sex toys
animal dildo
sex toys
adult toys
penis pump
wholesale dildo
wholesale sex toys
animal dildo
sex toys
strap on
sex toys
dildo
I have good friends who really did bounce back quite fast.
And I’ve got other friends who’ve had a few and found one much harder than the others.
off white jordan 1
Replica Sneakers
fake shoes
off white jordan 1
Replica Sneakers
off white jordan 1
Replica Sneakers
discountshoesmart
fake yeezys
replica shoes
michigan dunks
discountshoesmart
michigan dunks
Replica Sneakers
jumpman
replica shoes
balenciaga runner
off white jordan 1
jumpman
fake jordans
reps shoes
off white jordan 1
jumpman jack
michigan dunks
jumpman
Do you mind if I quote a couple of your posts as long as I provide credit and sources back
to your site? My blog site is in the very same niche as yours and my
users would genuinely benefit from some
of the information you present here. Please let me know if this ok with you.
Many thanks!
Howdy would you mind letting me know which hosting company you’re utilizing?
I’ve loaded your blog in 3 different browsers and
I must say this blog loads a lot faster then most. Can you suggest a good web hosting provider at a fair price?
Thank you, I appreciate it!
hello!,I like your writing so much! percentage we be in contact more about your article on AOL?
I need a specialist in this area to unravel my problem.
Maybe that’s you! Looking forward to see you.
I know this web page presents quality depending posts and other material, is there
any other web site which offers these data in quality?
Ariana Grande Nude Leaked Pics, Sex Tape And Intercourse
Story The problem is that if you’re hoping to purchase an official Taylor Swift intercourse
doll you could be hoping for a really long time.
animal dildo
gay sex toys
penis pump
Realistic Dildo
sex toys
cock ring
g spot vibrator
animal dildo
horse dildo
vibrators
wholesale dildo
wholesale sex toys
penis pump
adult store
cock ring
wholesale dildos
wholesale vibrators
cock ring
strap on
gay sex toys
cock ring
wholesale sex toys
male sex toys
wholesale dildo
adult toys
The price is Affordable, cheap and beautiful,
cost-effective. The factory has sufficient supply of goods and
various styles.
fake bags
replica bags online
luxury tastic
replica bags
replica bags
replica bags online
replica bags
fake bags online
replica handbags online
replica handbags
replica handbags online
fake bags
LuxuryTastic
fake bags
replica handbags
replica bags online
replica bags
fake bags
luxury tastic
fake bags
replica bags online
fake bags online
replica handbags
LuxuryTastic
replica bags online
replica shoes uh375
Replica Sneakers for Men,Replica Sneakers Dirty White
kw692
fake bags ex375,https://www.fakebagstore.ru,replica handbags
nu613
Replica Sneakers Dirty White br994
replica shoes,fake jordans
no037