Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жаңа әуе бағыттары ашылады

 
Қазақстан мен Оңтүстік Корея мемлекеттері арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылады.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі Сеулде (Корея Республикасы) Қазақстан Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы Жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лимен екіжақты кездесуі өткенін мәлімдеді. 

Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап уағдаласты. 

Сонымен қатар Талғат Ластаев «T’ Way» төмен бюджеттік әуе компаниясының және «Sirius Airlines» жүк әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin