Биыл тұрғындар есебінен қайтарылатын қаржыға 13 көпқабатты тұрғын үйдегі 23 жеделсаты жаңартылады.
Лифт жүйелерін модернизациялауға қажетті қаражат қаралған соң жеткізуші мердігер мекемемен келісім шарт түзілетін болады. Құжатта құрылғылардың 2 жылдық кепілдік мерзімі қарастырылады.
Істен шыққан жеделсатылардың тек бөлшектерін ғана ауыстыру тұрғындар үшін қауіпті болуы мүмкін. Сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес лифтілерді пайдалануға рұқсат етілмейді, құрылғыларды толығымен ауыстыру қажеттігі анықталған.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.