Түркістан облысы: Сауран ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша мәжіліс өтті

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу туралы мәжіліс болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК Сауран аудандық филиалы, ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан қалалық аумақтық инспекциясы мен Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдық әдістемелік орталығының басшылары және мамандары, ауылдық округі әкімдері мен ауыл шаруашылығының мамандары қатысты.

Мәжілісте аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нурдалла Мирзагельдиев Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша баяндама жасады. Аудан әкімінің өкіміне сәйкес құрылған жұмысшы топ құрамдарымен ағымдағы жылдың бүгінгі таңына дейін Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округі, Үшқайық ауылдық округі, Оранғай ауылдық округі, Шаға ауылдық округтерінен барлығы 122 дана кене жиналып, жиналған кенелер «Аса қауіпті инфекциялар» зертханасына жолданды.

Осы орайда кенеден сақтанудың жолдары хақында жан-жақты мағлұмат бергенді мақұл көріп отырмыз.

Күннің жылынуына, жердің көктеуіне байланысты табиғат аясына шығатындар көбейе түсті. Алайда, көкке шыққанда кенеден абай болу керек. Кене энцефалиті деген не? Кене арқылы қандай аурулар тарайды? Зиянды жәндіктен қалай сақтану керек? Кеңінен түсіндіреміз.

Көктемде қоршаған ортада түрлi жұқпалы ауруларды тарататын жәндiктердiң де белсендiлiгi арта түседi. Солардың бiрi — кене.

Кенелер — өрмекші тәріздестерге жататын жәндіктердің бір түрі. Кененің кей түрі ауыл шаруашылығына зор зиян келтірсе, кей түрінің пайдалы жақтары да бар. Паразитті тіршілік ететін кенелер жан-жануарлардың, адамның денесіне жабысып, қанын сорып тіршілік етеді. Олардың көптеген жұқпалы ауруларды таратушылары да бар.

Кененiң шағуы арқылы берiлетiн жұқпалы аурулар көктем-жаз айларында жиі кездеседі. Кененiң шағуын дер кезінде байқау қиын. Себебі кене өз денесiнен арнайы ферменттер бөлiп, шаққан орнын бiлдiрмеуге тырысады. Тұмсығын терi қабатына енгiзген кене, майда қан тамырларынан қоректене бастайды. Сол жерде тойған мезетте бiрнеше мың жұмыртқаларын терi астына тастап, сол мезеттен бастап ауру белгiлерiн шақыра бастайды.

Кене шағу белгілері

  • дене қызуының көтерілуі;
  • бастың ауруы;
  • құсу, лоқсу;
  • әлсіздену, арқаның талып, буындардың ауруы;
  • беттің, арқаның кеуденің, көздің қызаруы.

Кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше денсаулық сақтау орындарына барған дұрыс. Егер оған баруға мүмкіндіктер болмаса, онда арнайы тәртіптерді сақтай отырып, денедегі кенені алып тастау керек. Оны бірден жұлып алған жағдайда, мұртшалары теріде қалып кетуі мүмкін. Сондықтан, барынша абайлап алу керек.

Кене шағып алған күннің өзінде абдыраудың қажеті жоқ.

Тек мына алғышарттарды есте сақтау керек:

  • Қан сорып жатқан кенені тұмсық астынан жіңішке жіппен байлап асықпай, жұлқымай, кене мұртшаларын толық шығарғанша ақырын тарту керек.
  • Егер кененің басы толық шықпай теріде қара дақ түрінде қалып қойса, өздігінен шығуын бақылау керек. Егер шықпаса, хирургке қаралу керек.
  • Кенені жұлған соң қолды мұқият жуып, йод немесе спиртпен өңдеу керек. Кейде кенелер қан сору кезінде теріге патогенді вирустар жұқтырылған зәрін қалдыруы мүмкін. Табылған кенені жағып немесе қайнаған суға салып көзін құртқаныңыз жөн.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы — бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі мамырдан тамызға дейінгі кезеңде тіркеледі. 80% жағдайда диагноз 20 жастан 60 жасқа дейінгі адамдарда расталады. Табиғаттағы КГЛ негізгі тасымалдаушылары мен көздері әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер болып табылады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарда ауру көбірек кездеседі.

Тарихи фактілер

Бұл аурудың қоздырғышын 1945 жылы кеңес ғалымы М. П. Чумаков әріптестерімен бірге ашып, Қырым геморрагиялық безгегі деп аталды. Алайда, тек 1970 жылы, Конго безгегі ашылғаннан кейін және Қырым геморрагиялық қызбасы мен Конго безгегін тудыратын қоздырғыштардың жеке басын куәландыратын дәлелдер алынғаннан кейін, осы инфекциямен айналысатын ғалымдар геморрагиялық қызба қоздырғышының атауы туралы ортақ пікірге келді. Содан бері ол Конго-Қырым геморрагиялық қызба вирусы деп аталады.

Адам қалай жұқтырады? 

Көбінесе адам вирус жұқтырған кене шаққанда, вирус ағзаға тері арқылы енгенде жұқтырады. Сондай-ақ, адам кенелерді жаншығанда, вирус денеге микрожарықтар мен терідегі жаралар арқылы енген кезде де жұқтыруы мүмкін. Адамның КҚГЛ вирусына табиғи бейімділігі жоғары.

Қандай белгілер болады?

 Қырым геморрагиялық қызбасының алғашқы белгілері кенеттен пайда болады. Ауру температураның 40 градусқа дейін көтерілуінен басталады. Күшті безгектің аясында науқастар бүкіл денеде әлсіздік пен ауырсынуды сезінеді. Бет, мойын, жоғарғы кеуде қуысының гиперемиясы, склера склера тамырларының және конъюнктиваның  инъекциясы тән. Егер емделмеген болса, өлімге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, өлім инфекциялық-уытты шок, өкпе қабынуы, қайталама бактериялық асқынулар нәтижесінде болуы мүмкін.

 Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары

— кене ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы – кене шағуының алдын алу.

— алаңды өңдегеннен кейін ғана лагерь құру керек, шөпке отыруға немесе жатуға болмайды.

— саябаққа немесе саяжайға барған кезде жабық киім киген жөн, шалбар етікке тығылған болуы керек және міндетті түрде өзіңізбен бірге бас киімді алыңыз, шашыңызды бас киімнің немесе орамалдың астына жинаңыз.

— арнайы аэрозоль және спрей репелленттерін пайдаланыңыз, оларды үш сағат сайын қайталап жағып тұру керек.

—  орман аймағында, шөпті өсімдіктері бар жерлерде жүрген кезде әр 10-15 минут сайын өзара және өзін-өзі тексеруді, үстіңгі тексеруді жүргізу керек.

— ашық демалыстан қайтып, киімдерін шешкеннен кейін денені, шаш пен киімді кенелердің, әсіресе бас терісін, қолтық асты, құлақтың артындағы жерлерін жабысып қалатын кенелердің бар-жоғын мұқият тексеріңіз. Киімді желдетіңіз, бөлмеге бірден гүлдерді, бұтақтарды, аңшылық олжаларды әкелмеңіз.

— бекітілген және жабысқан кенелерді анықтау және жою үшін үй иттерін және басқа үй жануарларын тексеріңіз.

Есіңізде болсын! Кене шағуы аса қауіпті инфекцияның – Қырым геморрагиялық қызбасының даму мүмкіндігімен қауіпті. Оған қоса, табиғи ошақтардағы кенелер кене энцефалитінің қоздырғыштарын тасымалдауы мүмкін.

Кенеден қорғану ережелерін сақтау және дереу медициналық көмекке жүгіну сізді аурулардан сақтап және өміріңізді сақтайды.

Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды, паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24, қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм. Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.

Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді. Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене– адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық қорғаныш аймақтарына 2024 жылға І кезең көктемгі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары «Дезинфекциялық бөлім» тарапынан жүргізілуі жоспарланып отыр.

«Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК Сауран аудандық филиалының паразитолог маманы Семсерхан Тоғаевтың мәлімдеуінше, көктемгі энзоотиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауданда 120 727 бас ІҚМ — бүрку, 484 577 бас уақ малды — тоғыту, 2 384 524 шаршы метр қоражайларда дезинсекция жұмыстарын жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Осы ретте айта кетейік, 2024 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша Сауран ауданында мал мен құс саны  803 714 басты құрады. Толығырақ мәлеметті төменде кесте түрінде ұсынып отырмыз:

 

Ауыл шаруашылығы жануарларының атауы Мал басы саны
1 Ірі қара мал 92 588
2 Жылқы 19 527
3 Қой 508 758
4 Ешкі 29 200
5 Түйе 4163
6 Шошқа 98
7 Құстар 149 380
Барлығы: 803 714

 Бүгінгі күнге 1329 бас ІҚМ-ға бүрку жұмыстары жүргізіліп. 3801 бас уақ малды тоғыту жұмыстары жүзеге асқан. Ал, үй іргелік қоражайлар мен жапсарлас аумақтарда 62 866 шаршы метр жерде дезинсекция жұмыстары жүргізілген. Жұмыстар өз кезегінде жалғасып жатыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin