Түркі әлемінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласының атына лайық болуына кәсіпкерлердің орны мен рөлі айрықша маңызға ие

Осы ретте атап өтер жайт, Түркістанда жас кәсіпкерлерден құралған «Жас кәсіпкерлер клубы» атты ұйым өз жұмысын бастады. Клубтың алғашқы отырысына облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев және рухани астананың белсенді кәсіпкерлері қатысқаны — есте.

Клубтың негізгі мақсаты – кәсіпкерлік бастамасы бар жастармен кездесу, жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау және қолдау, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара әрекетін үйлестіру. Кеңес мүшелеріне бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, алдағы уақытта көтерілетін мәселелердің оңтайлы шешілуіне және кәсіпкерлік саланы барынша дамытуға атсалысуға келісті.

«Өңірімізде 200 000-нан астам кәсіпкер бар болса, соның ішінде 70 000-ға жуығы — 35 жасқа толмаған жас кәсіпкерлер. Яғни, кәсіпкерлердің үштен бір бөлігі — жастар. Бұл дегеніміз жас кәсіпкерлердің үлесі көп, тиісінше мәселелері мен ұсыныстары да көп болады деген сөз. Осы және өзге де жағдайларды ескере отырып, «Жас кәсіпкерлер клубын» ашуды жөн көрдік», — дейді Ербол Асфандиярұлы.

Жиында шаһар басшысының орынбасары Мекенхан Қозыханұлы Түркі әлемінің туристік астанасы атанған Түркістан қаласының атына лайық болуына кәсіпкерлердің орны мен рөлі айрықша маңызға ие екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлердің еселі еңбегін насихаттау бағытында телеарна мен газет-журналдарға жариялау жұмыстарына да баса көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Түркістан қаласында ағымдағы жылдың басында «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты – қала кәсіпкерлері мен кәсіп бастауға ниетті азаматтарға кәсіпкерлік саласында заң аясында сүйемелдеу мен қолдау көрсету болып табылады. Жоба аясында кез келген кәсіпкерлер мен азаматтар – мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар, субсидиялар мен жеңілдетілген пайызды несиелер бойынша толық ақпараттар алуына мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері қалада 167 азаматқа сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, Жеңілдетілген пайызбен несиелендіру бойынша – 46 адам, Жаңадан кәсіп бастау бағытында берілетін қайтарымсыз гранттар бойынша – 62 адам, Жеке кәсіпкерліктің немесе заңды тұлғалардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына заң аясында көмек көрсету – 15, Әр түрлі әкімшілік кедергілерге заң аясында құқықтық көмек көрсету – 28 адам.

Түркістан қалалық Бизнесті қолдау және туризм бөлімі «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы аясында Түркістан қаласының тұрғындарына жеңілдетілген пайызды несиелер, қайтарымсыз гранттар, субсидиялар және т.б. сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік несиелеу бағдарламалары аясында консультациялық кеңестер мен бағыт-бағдарлар беруде.Сонымен қатар, Түркістан қаласының білім ошақтарының, арнаулы оқу орындарының түлектері мен студенттеріне, жастарға кәсіпкерлікке баулу мақсатында индустриалды аймақта орналасқан зауыт, фабрикаларға, әр түрлі бағыттағы өнеркәсіп орындарына шолу ұйымдастырылды.

Жалпы, «Кедергісіз кәсіпкерлік» ақпан айынан бастап іске асырылды. Тікелей ұялы байланыс нөмірі: 8707-412-11-43 немесе 8(72533) 57919. Жоба жұмысын бастағалы Индустриалды аймақтан жобаны іске асыру мақсатында жер учаскесін алуға заң аясында сүйемелдеу жүргізілді – 4 жобаға; Жобаны іске асыруға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді – 3 жоба; Жеңілдетілген несие алуға заң аясында құжаттарын рәсімдеуге – 3 жобаға сүйемелдеу жүргізілді. Одан бөлек, жоба аясында Түркістан қаласында іске асырылған өңдеу саласындағы 4 инвестициялық идеяға жеңілдетілген несиелер бойынша заң аясында құжаттандырырылды.

Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс,пайда) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Кәісіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет. Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек: кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі; меншіктің болуы; тәуекел сипаты; пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.

Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы. Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.

ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады. (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған ,капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді.

Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін ажыратып көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген (ҚР АК 10-бабының 1-тармағы).  Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық формасы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады. Ақырында, мемлекеттік меншік түріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (яғни республика меншігіндегі кәсіпорындар) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 34-бабы, ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлік қоғамдар ұлттық компания болып саналады. Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып саналатын, ұлттық компаниялар мен басқадай акционерлік қоғамдардың меншік құқымен иеленген акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге: заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі деп бөлуге болады. Дара кәсіпкерлікке: өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік жатады.

Ұлттық статистика бюроасының мәліметтеріне жүгінсек, 2024 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны 41,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9% құрады. 2024 жылғы 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 39530 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 4,7% болып қалыптасты. 2024 жылғы I тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, шағын кәсіпорындарсыз), орташа айлық атаулы жалақы 284373 теңгені құрады, өсім 2023 жылғы I тоқсанға 10,3% құрады. 2024 жылғы I тоқсанда нақты жалақы индексі 101,4% болып қалыптасты. 2023 жылғы IV тоқсанда облыс халқының  орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 103516 теңгені құрады. 2022 жылғы IV тоқсанға қарағанда 18,3% жоғары, аталған кезеңге нақты ақшалай табыстың өсу қарқыны – 6,8%.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде 2023 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,4% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі қолданыстағы бағамен 4166425,1 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 2,2% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі 40,4%, қызметтер көрсету – 52,6% құрады.

Тұтыну баға индексі 2024 жылдың сәуірінде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,1% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 2,1%, азық-түлік емес тауарлардың – 2,4%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы – 1,7% өсті.

2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірінде өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімдерінің бағалары 0,2% қымбаттады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 80799,1 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% артық.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде көтерме сауда көлемі 38863,1 млн. теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,5% құрады.

Алдын ала деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-наурызда ЕАЭО елдерімен өзара сауда 56,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 50,7% азайды, оның ішінде экспорт – 15,2 млн. АҚШ долларын (83,4% азайды), импорт – 41,7 млн. АҚШ долларын құрады (75,3% көбейді).

2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 362556,7 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 6,2% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 10,6%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 7,9% өсті, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 10,9% кеміді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 175649,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 100,4% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі 7569,3 млн. ткм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 93,2% құрады.

Жолаушы айналымы 468 млн. жкм-ді құрады, немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 101,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 53670,1 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 106,9% құрады. 

2024 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 21,7% өсіп, 200,4 мың шаршы метрді құрады, олардан көппәтерлі тұрғын үйлер – 29,3 есе (28,9 мың шаршы метр), жеке тұрғын үйлер – 4% (170,2 мың шаршы метр). Бұдан бөлек, жалпы алаңы 1,3 мың шаршы метр жатақхана пайдалануға берілді.

2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 178395,2 млн. теңгені немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 124,6% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 18147 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 5,3% өсті, оның ішінде 250 адамнан жоғары қызметкерлері барлар 109 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 16394 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 15742 бірлік құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 14378 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,8% өсті.

Естеріңізде болса, былтыр қазан айында Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің туристік астанасы» халықаралық туристік форумы өткен болатын. Форумның басты мақсаты – өзара тиімді ынтымақтастық орнату және Түркістан қаласын 2024 жылғы түркі әлемінің келесі туристік астанасы ретінде таныстыру.

Форумның ашылу салтанатында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды және Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Азимов сөз сөйледі.

Сонымен қатар іс-шараға түркі елдерінің туристік әкімшіліктерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, туриндустрия мен Қазақстанның қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Айта кету керек, бір күн бұрын ТМҰ туризм мәселелеріне жауапты министрлерінің VIII отырысы өтті. Онда Түркістанды 2024 жылғы түркі әлемінің туристік астанасы деп жариялау туралы бастама мақұлданды.

Жоғарыда аталған іс-шаралар барысында бірқатар бастамалар талқыланып, түркі әлемі елдеріндегі туристік секторды одан әрі дамытуға бағытталған кешенді шаралар ұсынылды.

Біріншіден, ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттердің ірі қалалары арасындағы әуерейстер санының артуы.

Екіншіден, бірлескен туристік өнімдерді әзірлеу, серіктестік қатынастарды жолға қою бойынша жұмыстарды жандандыру және «Жібек жолы» заманауи туристік маршрутын дамыту.

Үшіншіден, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Табаррук Зиёрат» пилоттық жобасын неғұрлым тығыз дамытуды жалғастыру.

Төртіншіден, салауатты өмір салтын насихаттау, мәдени алмасу және туристік ағымды ынталандыру мақсатында ТМҰ елдері арасында жүгіру бойынша марафондар альянсын құру ұсынылды.

Бесіншіден, туризм және меймандостық бойынша оқытуға мамандандырылған ТМҰ университеттер лигасын құру. Бұл туризм саласындағы табысты мансап үшін маңызды болып табылатын студенттердің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Алтыншыдан, ТМҰ елдерінің туристік әлеуетін ілгерілету және маркетинг бойынша тәжірибе алмасуды күшейту.

«ТМҰ кеңістігіндегі маңызды бастамалардың бірі «Түркі әлемінің туристік астанасы» бастамасы болды. Бұл Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың туристік әлеуетін ашуға мүмкіндік береді және бір-бірінің мәдени және дәстүрлі құндылықтарын білу арқылы барлық түркі елдері халықтарының жақындасуына ықпал етеді. Түрленген Түркістан түгел түркі әлемі алға қойған ортақ мақсаттарды жүзеге асыруда, насихаттауға елеулі үлес қосатынына нық сенімдімін», — деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Атап өтерлігі, Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталсақ, өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 38 пайызға өсіп, 2023 жылы 370 млрд. теңгеден асты. Биыл 4 айда бұл көрсеткіш 78 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға өскен. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 82 пайызға өсіп, 22 мыңнан асты Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылы 26 млрд. теңгені құрап, жоспар 1,8 млрд. теңгеге артығымен орындалды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 356 млрд. теңгені құрап, жоспар 7 млрд. теңгеге артық жүзеге асты. Құрылыс саласында да өсім бар. Жергілікті билік өндіріс орындарын көбейту, инвестиция тарту жұмыстарын күшейтіп жатыр. Олай жасамаса болмайды. Әкімдік тарапынан инфрақұрылым, әлеуметтік нысандарды салып береді. Бірақ тұрғындар өз үйінің, өз ауласы мен көшесінің тазалығын сақтауға үлес қосулары тиіс.

Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2023 жылы 16,5 млрд. теңгеге жеткенімен, жоспар толық орындалмаған. Сонымен бірге қаржыны игеру, салық түсімдері бойынша кемшіліктер бар екені жасырын емес. Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдерді ұлғайту, кәріз жүйесі және өзге де мәселелерге байланысты жұмысты ширату керектігі мәлім. Жалпы, Түркістаның туристік әлеуеті көтеріліп, экономикы жақсарып келеді.

Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 230,2 мыңға жетті. Жыл басынан бері Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 326 мың адамнан асып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,6% өсті. Шетелдік туристер саны 4,3 мың адамға жетті, яғни өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 58,1% өсті.

Биыл 3967 түркістандық қоныс тойын тойлайды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 14,5 млрд.теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 645 азамат тұр.

Сонымен қатар 2024 жылы кезектегі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында баспана сатып алуға қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде. «Отбасы банк» арқылы 66 көпқабатты тұрғын үйден 3317 пәтер сату жоспарланған.

Түркістан қаласы әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Халықтық кеңсе арқылы жыл басынан жалпы қызмет алған адамдар саны – 23 942. «1310» Бірыңғай байланыс орталығына 2024 жыл 4 айда 3803 қоңырау түсіп, оның 100% шешімі табылды.

2023 жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. 2024 жылы «Еңбек» бағыты бойынша 8 513 азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, 4 айдың қорытындысымен 3661 азамат белсенді шараларға тартылды.

Қала аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. 2023 жыл қорытындысымен 4 150 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленсе, 2024 жылдың 4 айында 1745 отбасыға тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары беріліп, кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілген. Соғыс ардагерлері мен соғыс ардагеріне теңестірілген және тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. 6 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен деңсаулығына оң жағдай жасау мақсатында ашылған «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» өткен жылы 2 983 адамға, 2024 жылдың 4 айында 1320 адамға қызмет көрсетті. Сәуір айында «Белсенді ұзақ өмір» бөлімшесі іске қосылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin