Түркістан облысы: Төлеби ауданында мектеп оқушылары арасында «Табиғаты тұнған өлкем» суретшілер байқауы өтті

Төлеби ауданының Қасқасу ауылдық округінде КСРО суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан сурет өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Еркін Айтбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай, салтанатты жиын өтті. Қылқалам шеберінің құрметіне мектеп оқушылары арасында «Табиғаты тұнған өлкем» атты мектеп оқитын жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды.

Мерекелік жиынға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Бақыт Кемелов мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, аудан әкімінің, мәслихат төрағасының арнайы құттықтау хатын жеткізді.

Керегетас елді мекенінде ұйымдастырылған байқауға қатысушылар Алатау баурайында, табиғат аясында шабыттана отырып, сурет салды. Жастар бойына Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқаудың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары шараның маңыздылығын әңгімелеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Кез келген елдің атақ-даңқын шығаратын – сол елде туып өскен талантты тұлғалары мен дарынды жастары екенін айтқан Сержан Дауылбайұлы дарынды жастар үнемі мемлекет қолдауына ие болатынын, байқауға қатысушылар арасында ауданының абыройын асқақтатып, болашақта Төлеби жерін әлемге танытатын суретшілер тәрбиеленетініне сенімі мол екенін жеткізді.

Еліміздің бейнелеу өнерінде ерекше орны бар қылқалам шебері Еркін Айтбайұлын мерейлі мерекесімен арнайы құттықтау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келіп, ізгі тілегін, ыстық лебізін білдірді.

Байқауда жас суретшілер Төлеби ауданының әсем табиғатын бейнеледі. Ал әділ қазылар жүлдегерлерді анықтау барысында олардың ой ұшқырлығына, идеялық мазмұнына, композициялық шешіміне, шеберлігіне баса мән берді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған талантты жастарға диплом мен арнайы сыйлықтар табыстады.

Еске салайық, Төле би ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы — 3,1 мың шаршы шақырым (облыстың 2,6%-ын қамтиды). 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгер ауданы деп аталды). Аудан орталығы – Леңгір қаласы.

Солтүстігінде Сайрам, Түлкібас аудандарымен, батысында Шымкент қаласымен, оңтүстігінде Қазығұрт ауданы және Өзбекстан Республикасымен, шығысында Жамбыл облысының Жуалы ауданымен және Қырғыз Республикасымен шектеседі.

Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Ең биік жері — Сайрам шыңы (4338 метр). Шығысыңда Талас Алатауы, оңтүстік-батыста Өгем, Қаржантау (2500 метр), Қазығұрт (1200 метр) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі.

Төле би ауданының жер бедерінің құрылымы сатылы болып келеді — батысында ойпатты және жазық аймақтардан басталса, шығысы мен оңтүстігінде тау массивтерімен аяқталады. Жер бедерінің жоғарғы қабатының құрылымы мен оның көлеміне байланысты үш аймаққа бөлінеді.

Аумағына Өгем және Майдантал таулары сілемдерінің жоталары мен қыраттары , үстірттері мен беткейлері , қырқалы мен құздары, сеңгір жалдары, т.б. жатады. Аймақтың оңтүстік-батысында Қазығұрт тауы сілемдеріне дейін созылады. Түркістан облысында теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік абсолюттік нүкте Сайрам шыңы — ауданының таулық аймағында, оның биіктігі — 4238 метр, ал Қазығұрт тауының биіктігі – 1768 метр.

Аймақ аудан аумағының 2/3 бөлігін қамтиды, оған Ақжар ауылдық округіне қарасты жер көлемі мен таулық аймақтан тыс барлық аумақ кіреді. Аймақ тау етегінен бастау алатын ірілі-уақты өзендердің, бұлақ бастауларының терең сай-салалары мен аңғарларын, ойпатты алқаптары мен жайылым-жайлауларын, тастақты жерлері мен құнарлы аймақтарын, т.б. қамтиды.

Ауданның Ақжар ауылдық округіне қарасты аумақ пен шалғайдағы Алтынбастау, Көлбастау, Айкөл, т.б. аумақтары жатады. Аудан жер бедерінің алуан болуы ауданның ауа райының қалыптасуына, өсімдіктің өсіп жетілуіне, жан-жануарлардың өмір сүруіне, сондай-ақ аудан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібінің дамуына әсер етеді.

Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-9°С, шілде айында 24°-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда қоңыр, сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, тағы басқа; тауда долана, арша, бадам, шырғанақ, итмұрын, тағы басқа өседі. Жануарлардан: қасқыр, аю, барыс, арқар, таутеке, сілеусін, тағы басқа; құстардан — бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам (өзенде Бадам бөгені салынған) өзендері ағып өтеді. Аудан тұрғындарының орташа тығыздағы 1 шаршы шақырымға 34,6 адамнан келеді. Халқы көп ұлтты, негізгі бөлігі қазақтар 70% пайыздан, өзбектер, түріктер, әзербайжандар құрайды. Ірі елді мекендері: Ленгер қаласы, Первомаевка, Көксәйек, Сұлтанрабат, Қамшақ, Тоғыс, Ақжар, Зертас тағы басқа ауылдар.

Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Мақсары (13,3%), арпа (3,1%), көкөніс (2,3%), картоп (1,9%) өсіріледі. Облыстағы жеміс-жидектің 18,0%-ын береді. Аудандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30,0%-ын ет өндірісі, 17,5%-ын дәнді дақыл, 15,0%-ын сүт, 9,6%-ын көкөніс құрайды. «Фудмастер-Шымкент» компаниясы — сүт өнімдерін, «Ақмаржан» акционерлік қоғамы — ұн, жем, нан өнімдерін шығарады. Ұйық, тоқыма, тігін фабрикалары, машина жасау зауыты, «Оңтүстік мұнай-газ» ашық акционерлік қоғамы, Ленгер мұнай барлау скважиналарын сынау экспедициясы жұмыс істейді.

Аудан жерімен Ленгер-Шымкент темір жолы өтеді.

55 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген.

Қалай десек те, Тәңірдің берген табиғат сыйымен мақтана алатын Төлеби ауданы экономикасының негізгі драйвері – туризм саласы жыл өткен сайын дамып келеді. Қазіргі таңда бұл өңір еліміздегі туризмі мейлінше дамыған аймақтардың біріне айналып отыр. Бүгінде аудан аумағында 85 туристік нысан қызмет көрсетеді.  Сала мамандарының дерегінше, 2023 жылы туризм саласына 3,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, 39,7 мың адамға 865,4 миллион теңгенің қызметі көрсетілді. Ағымдағы жылы 1,8 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Сонымен қатар, келушілердің саны 43,5 мың адамды құрап, 870 миллион теңгеге қызмет көрсету күтілуде.

Аудан әкімінің 2023 жылғы 24 наурыздағы №100 өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, Туризм саласындағы декомпозиция бойынша қойылған индикаторларды орындау және аудан бюджетіне түсетін түсімдерді ұлғайту мақсатында барлық туристік нысандарға барып статистика басқармасына тіркелу керектігі мен «2-Туризм» есебін тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде салық және статистика басқармасына тіркелген нысандар саны 53-ке жетіп, салық түсімі 35 771,8 мың теңгені құрады.

Төлеби ауданында туристік сервистік қызмет жақсарып, демалушылар саны артты. «Тау самалы» шаңғы базасына, демалыс аймағына 2023 жылдың 1 желтоқсанынан осы күнге дейін 4500-ден астам турист келген. Жалпы, аудан аумағында демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны – 140. Өткен жылы бұл саланы дамытуға бағытталған инвестиция көлемі 3 миллиард 529,6 миллион теңгені құрап, жыл көлемінде 8 ірі демалыс аймағы іске қосылды.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін осы салада құны 4,5 миллиард теңге болатын 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтсақ, демалыс аймақтары, қонақүй мен спорт кешені, оңалту-сауықтыру орталықтары бар. Нәтижесінде, келуші туристер санын 55 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.

Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының Төлеби ауданы бойынша нысаналы индикаторлардың декомпозициясының орындалуы барысын қарасақ, Түркістан облысының аудан, қала әкімдерінің рейтингі нәтижесі бойынша аудан 8-орында тұр екені. 2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны – 353, адам саны – 1923. Ауданда тұрғын  үй кезегінде 6665 азамат бар. 2023 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан 20 тұрғын үй сатып алуға 192 млн. теңге қарастырылды. 2024 жылға аталған жоба аясында 45 тұрғын үй сатып алуға 591 млн. теңге қарастырылды. Білім саласы: 2023 жылға 4 нысанның құрылысын жүргізуге 2 млрд 374 млн теңге қаржы қарастырылды. Ленгер қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылысына 590 млн теңге, Ленгер қаласындағы №6 200 орындық мектеп құрылысын аяқтауға 38 млн теңге, Зертас елді мекеніндегі Шомшақты орта мектебіне 150 орындық оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт зал және әкімшілік бөлмелерінің құрылысына 802 млн теңге. Бірінші Мамыр ауылдық округі, Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысына 944 млн теңге қаржы бөлінді.2023 жылы 33,7 млрд  теңге инвестиция тартылса, бюджет есебінен 9,9 млрд теңге, жеке қаражат есебінен 21,2 млрд.теңге, банктегі кредиттер есебінен 1,5  млрд теңге, басқа да қаражаттар есебінен 1,1 млрд  теңге.  Туризм саласында 140 нысан қызмет көрсетеді, 2023 жылы 39 697 турист келген. 2,9 млрд теңге инвестиция тартылып, 8 жоба жүзеге асып, 42 жұмыс орны ашылған. 2023 жылы іске асырылған  инвестициялық жобаларға тоқтала кетсем, Алатау ауылдық округінде жеке кәсіпкер  Еркінбек құны 100 млн теңге болатын  демалыс аймағын іске қосып, 5 жұмыс орнын ашқан. Жеке кәсіпкер Файзиева Г.  Құны 800  млн.теңгені құрайтын 11 коттедж, 1 бассейн, 1 қонақ үй ашып,  6  адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алатау ауылдық округінен  ЖК Наралиев Т. қонақ үй, ресторан іске қосып,  5  жұмыс орнын ашты. Жоба құны  500 млн.теңге. Жеке кәсіпкер  Юнусов А құны  150 млн.теңге болатын   қонақ үй іске қосып, 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Жеке кәсіпкер  К.Қожамжарова саумалмен сауықтыру орталығын іске қосып, 10 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыды. Жоба құны 150 млн.теңге. Жеке кәсіпкер  «Ысқақов Қалдыбек» құны  500  млн.теңгені құрайтын демалыс орнын ашып, 6  адамды  жұмыспен қамтыды. Жеке кәсіпкер  Сақыбаев М. қонақ үй, ресторан, бассейн құрылысын жүргізіп, ел пайдалануға беріп, 5  жұмыс орнын ашты. Жоба құны 600 млн.теңге.

Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту – басты мақсат. Осыған орай «Ауыл аманаты» жобасы  аясында 1 124 млн. теңге 193 жоба қаржыландырылды. 2024 жылы 1 714 млн. теңгеге 279 жобаға несие беру  жоспарлануда. Кәсіпкерлік саласында 10655 шағын және орта бизнес субъектілері тіркеліп, 16 702 адам жұмыспен қамтылып, 61,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. 2023 жылдың 3-10 желтоқсан аралағында тәжірбие алмасу, кәсіптерін кеңейту, құрал-жабдықтар алу мақсатында ауданның 6 кәсіпкеріне қытай мемлекетіне іс-сапар ұйымдастырылды. Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты ЖК Е.Қайым Чженчжоу қаласында “Zhengzhou Yellow River Carp Breeding Farm” ЖШС-гі балық шаруашылығы бойынша келіссөздер жүргізуде. Жалпы 300 тоннаға дейін форель балығын өсіруді жоспарлауда. Жоба құны 600,0 млн теңге. Тұрақты жұмыс орындарына жұмыссыз 2027 азаматты жолдау жоспарланып, 408 азамат (20,1%) жолданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайын «әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданда 1250 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 165 (13,2%) жаңа жұмыс орындары ашылды. «Электронды еңбек нарығы арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу» бойынша белгіленген 34 жобадағы ашылған жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз 129 азаматты жолдау жоспарланып, 10 (7,8%) азамат жолданды.  2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны – 353, адам саны – 1923.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin