Түркістан облысы: Жетісай ауданында заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды

Жетісай ауданына қарасты Асықата кентінде заманауи стандарттарға сай спорт кешені бой көтеруде. Бүгінде тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде жер-жерлерде спорт нысандары бой салынып, спортты жанына серік етушілерде күн санап артып келеді.

Заманауи орталық негізінен қимыл-қозғалыстың тездігі, шабуылдың шапшаңдығымен ерекшеленетін спорттың түрі үстел теннисін ауданда дамыту мақсатында салынып жатыр. Аудан басшысы Серік Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов және мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Асықата кентінде 1 гектар аумақта орналасатын спорт кешенінің құны 1 миллиард теңгені құрайды. «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігінің жеке инвестициясы есебінен іске қосылатын 2 жаттығу залының біріне 9 теннис үстелі, екіншісіне 3 күрес кілемі, бокс рингі, тренажер жабдықтары, сонымен қатар, ерлер бөлмесінде 15 төсектен және әйелдер бөлмесінде 15 төсектен тұратын әкімшілік блок орналастырылатын болады.

Спорт кешені бір мезетте 200-ге жуық адамды қабылдап, жаттықтыруға қауқарлы. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан көлемінде үстел теннисімен жалпы саны 210 жасөспірім тұрақты түрде шұғылданып келеді.

Жетісай ауданында кәсіби мереке қарсаңында аудандық спартакиада өтті

Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт күні» мерекесіне орай аудандық спартакиада болып өтті.

Аудандық сайыста спорттың кіші футбол, үстел теннисі мен арқан тарту, асық ату мен бес асық, ләңгі тебу түрлерінен 100-ге жуық спорт саласының майталмандары өзара бақ сынасты. Сонымен бірге шараға мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев қатысты.

Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып бұқаралық спортты дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Жанкүйерлердің спортқа деген сүйіспеншілігін арттырған теңбіл доп шеберлері сайысының қорытындысы бойынша өзге командалардан айла-тәсілі мен тәжірибесін арттырған «Жетісай» футбол клубының құрамасы ІІІ орынға табан тіресе, ІІ орын «Жетісай спорт клубы» командасына бұйырды. Жүлделі І орынды №1 БЖСМ командасының ойыншылары иеленіп, жеңімпаз атанды.

Ал, арқан тартудан ІІІ орынды №2 БЖСМ құрамасы иеленсе, ІІ орынды «Жетісай спорт клубы» мекемесінің, І орынды «Ұлттық спорт клубы» мекемесінің білекті жігіттері қанжығаларына байлады.

Жылдамдық пен дәлдікті қажет ететін үстел теннисі бойынша ІІІ орынға №2 БЖСМ ойыншысы Ерлан Қарашаев, ІІ орынға «Жетісай спорт клубы» ойыншысы Мақсат Қыдырша, І орынға №3 БЖСМ ойыншысы Аружан Нұржанқызы ие болды.

Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындары саналатын асық атудан ІІІ орынды «Жетісай» футбол клубы, ІІ орынды «Жетісай» спорт клубы, І орынды №3 БЖСМ ойыншылары, бес асықтан ІІІ орынды «Жетісай» футбол клубының қызметкері Альбина Ахмет, ІІ орынды «Жетісай» спорт клубының қызметкері Сания Жантасова, І орынды аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкері Гүлбаршын Джайлыбаева, ләңгі тебуден ІІІ орын №1 БЖСМ құрамасының, ІІ орын №3 БЖСМ құрамасының, І орын «Жетісай» спорт клубының еншісіне бұйырды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларға ұйымдастырушылар тарапынан кубок, бағалы сыйлықтар, дипломдармен медальдар табысталды.

Кәсіби мерекеде қоғамдық істерде белсенділік танытып, спорттың дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлері Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, жалпы командалық есепте спартакиаданың ІІІ орынын спорттың 6 түрінен 93 ұпай жинаған «Жетісай» футбол клубының командасы иеленсе, ІІ орынды 106 ұпаймен №3 БЖСМ командасы иеленді. 124 ұпай жинаған «Жетісай» спорт клубының құрамасы командалық есепте көш бастап, 124 ұпаймен І орынды қоржындарына салды.

Осы ретте атап өтерлігі, бүгінде Жетісай қаласындағы Амангелді көшесіне асфальт төсеу, жеке тұрғын үй секторлары мен көппәтерлі тұрғын үйдің аулаларын су басуының алдын алу мақсатында арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Аталған көше бойында орналасқан көптеген кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұрғын үй секторларының, жекеменшік балабақша иелерінің су қашыртқыларының үстіне заңсыз құрылыс салып алуының салдарынан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына кедергі келтіріліп, жауынды күндері су басу қауіпі орын алуда.

Аудан басшысы бұл мәселеге байланысты арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдерімен заңсыздықтарға жол берген тұрғындармен тілдесіп, заң мен тәртіпке мойынсұну қажеттігін, арық-атыздардың үстіне құрылыс жүргізуге болмайтынын жеткізді.

Қаладағы жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық 175 көше мен 34 шақырымды құрайтын арық-атыздардың 2,8 шақырым жолы мен 3,6 шақырым арық-атыз Амангелді көшесіне тиесілі. Бүгінде аудан әкімі Серік Мамытовтың тікелей тапсырмасымен Амангелді көшесінің Рудаки-С.Ерубаев көшелерінің аралығындағы 1,1 шақырым асфальтталды. Енді қалған бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылы аудандық және қаланың IV деңгейлі бюджетінен жалпы ұзындығы 18,08 шақырымды құрайтын 31 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қала көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 71,6 пайызға жеткізсе, биыл аудандық қазынадан қаралған қаржы есебінен жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт төселген. Алдағы күндері қаланың IV деңгейлі бюджетінен ұзындығы 5,27 шақырымдық 5 көшеге орта жөндеу жүргізіліп, шаһардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 77,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Түркістанда «TURAN» футбол академиясы ашылады

Түркістанда жаңа спорт нысандарының саны көбейіп келеді. «TURAN» футбол академиясының құрылысы да аяқталуға таяды. Олардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында тұр. Облыс әкімі облыс орталығында салынып жатқан «TURAN» футбол академиясының ғимаратын аралап көрді. Жақында ашылатын ФК академиясына қатысты жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жаңа кешеннің көгалдандыруына назар аударуды ескертті.

Футбол академиясында еліміздің негізгі құрамасына болашақ ізбасарлар тәрбиеленеді. Мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарындағыдай жағдай жасалады. Бұл – балалар футболын дамытып, жергілікті талантты футболшылардың үлкен аренаға шығып, өз қабілеттерін көрсетуге жол ашуға мүмкіндік.

Облыс әкімдігі тарапынан қолдау тапқан бұл жоба биыл ашылады. 20 гектар жерде орналасқан кешенде ойын алаңынан бөлек 300 орындық жатақхана және оңалту залы болады. Жобаға 4 млрд теңге бағытталып отыр. Ел чемпионатында Түркістан облысының атынан бақ сынайтын «Тұран» футбол клубы академиясының үлкен және шағын футбол алаңдары болады. Сондай-ақ нысанда мейрамхана, мәжіліс залдары, спортшыларға арналған сауықтыру және медициналық, массаж кабинеттері мен жеке блоктар бар.

Академияда дарынды футболшыларды тәрбиелеумен қатар, оларды әлемдік футбол лигаларына шығару үшін үздік тәжірибелерді енгізуге, жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыруға мән беріледі.

Осы күні облыс басшысы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мердігерлермен кездесті. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтап, жауапты тұлғаларға кешеннің ішкі дизайны бойынша тапсырмалар жүктеді. Ғимараттың жұмыстарына «Строй Сервис–7» ЖШС жауапты. Құрылысты биыл қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Спорт кешенінің жалпы алаңы – 1,8 гектар. Сыйымдылығы 1000 адамды құрайтын нысанның аумағы – 7 248,0 шаршы метр. Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов көшесінде орналасқан кешен жертөлені қосқанда, 3 қабаттан тұрады. Заманауи үлгідегі ғимаратта спорт және жаттығу залдары, 8 киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлмелер, конференц-зал, асхана, медициналық көмек көрсету кабинеті, күту залы, қонақтарды күту бөлмесі, жаттықтырушыларға және әкімшілік құрамға арналған бөлмелер бар. Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебі осы ғимаратқа жайғаспақ. Жалпы, спорт кешенінде 76 жаттықтырушы жұмыс істейді. Мұнда спорттың 18 түрімен 1000-ға жуық бала тыңғылықты түрде шұғылдана алады. Кешенде республикалық, халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік жасалады.

Түркістан облысында 4600-ден астам спорт ғимараттары бар. Облыс орталығында жаңа халықаралық теннис орталығы, «Түркістан арена» стадионы, Мұз сарайы салынды.

Түркістандық футболшылар елішілік лигада жеңімпаз атанды

Түркістандық жастар футбол командасы Қазақстан чемпионатының Екінші жасөспірімдер лигасында жеңімпаз атанды. Сәуір айында басталған футбол ойындары 4 айналымнан тұрады. 18 команда қатысқан жарыста түркістандық спортшылары үздік ойын көрсетті.

Жалпы «Түркістан» командасы барлық айналым нәтижесінде 19 ұпайға қол жеткізіп, ақтық кезеңге жолдама жеңіп алған болатын. Команда жаттықтырушылары – Ержан Бейсенов және Раушан Худайназаров.

Көкшетау қаласында өткен финалдық ойында «Жеңіс» және «Жетысу» командаларын жеңіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Сонымен қатар «QJ League» ойындарына жолдама алды.

Түркістанда әуесқой футбол лигасының жеңімпаздары анықталды

Бүгін облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысты. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен қорытынды жиында биылғы ойындардың жүлдегерлері марапатталды.

Басқосуда сөз алған Мекенхан Қозыханұлы әуесқой футболшыларға қала басшысының құттықтауын жеткізіп, алғыс хаты мен сыйлықтарын берді. Сондай-ақ шаһардың спорт саласына еңбегі сіңген, дамуына үлес қосып жатқан мамандарға қала әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады.

Мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы аталған лига ойындарының тұрғындар арасында спортты насихаттауға қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, дәстүрлі түрде жалғасатынын жеткізді.

Жалпы Түркістан қаласы бойынша кіші футболдан көктем-жаз маусым ойындарына А, Б, С, Д, және супер лига топтарына бөлініп 74 команда, 2000-ға жуық әуесқой футболшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша супер лигада 1-орынды Бекзат секторының командасы, 2-ші және 3-ші орынды Яссы секторының қос командасы иеленді. Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік сұрмерген» сынды номинациялар табысталды.

Түркістанда баскетболдан халықаралық турнир өтуде

Облыс орталығында баскетболдан жазушы Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІХ халықаралық турнирі “Біз — нашақорлыққа қарсымыз” ұранымен биыл да ұйымдастырылды.

Жарысқа 15 пен 16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар командасы қатысуда.

Турнирде Бішкек (Қырғызстан Республикасы), Наманган (Өзбекстан Республикасы), Кентау, Түркістан қалалары мен Отырар, Жаңақорған және Сайрам аудандарынан жиналған жалпы 12 команда бақ сынауда.

Жарыстың ашылуына қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты Ғалымжан Хұдияров қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

 Айта кетейік, Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан жарыстың жеңімпаздары 17 тамызда анықталады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin