Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 28 қыркүйектен бастап қаладағы барлық театр өз көрермендері үшін қайта есігін ашты, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ ақпарат агенттігі Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамытужәне архивтер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда қалада 6 театр және 1 мәдениет үйі жұмыс жасайды. Жаңа маусымда қала тұрғындары мен қонақтарын түрлі премьераларымен қуантпақ.
Атап айтқанда, Өзбек драма театры 29-30 қыркүйек күндері «Әпендізада» комедиясын ұсынады. Ал Шымкент қалалық академиялық драма театрында 7-9 қазанда көптен күткен 87-ші театр маусымының шымылдығы түріліп, «Аманат» атты тамаша туындыларын дайындап отыр. Шымкент әзіл-сықақ және сатира театры XIII маусымының ашылуына орай У.Әбдіраймовтың «Карантиндегі қызықтар» атты сазды – думанды қойылымын тамашалауға шақыруда.
Айта өту қажет, санитарлық талап пен арақашықтықты сақтау үшін көрермен залы 50 адаммен шектеледі. Сондай-ақ медициналық бетпердемен келу міндеттеледі.
«ANYQ.KZ»-ақпарат
Wow, wonderful weblog structure! How lengthy have you ever
been blogging for? you made blogging look easy. The overall look
of your web site is great, let alone the content material!
You can see similar here ecommerce