Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Созақ ауданында салынып жатқан нысандардың сапасын бақылады

Ауданда тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Жұмыс барысын қадағалап, спасына назар аударды. Құрылыс пен оның сапасына жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Алдымен Созақ ауылындағы №1 колледж жанынан бой көтеріп жатқан 200 орындық жатақхана құрылысымен танысты. Онда орын алған кемшіліктер мен құрылыстың сапасына қатысты мәселелер талқыланды.

Одан әрі Жеткіншек шағынауданында әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға арналып салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын қадағалады. Қазіргі таңда жеке инвесторлардың қолдауымен 2 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әр үйде 8 пәтерден, жалпы 24 пәтер қарастырылған. Сонымен қатар, екі пәтерлі 26 тұрғын үйдің құрылысы да жалғасуда. Бұдан бөлек, демеушілер арқылы 2 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл үйлерде 16 пәтер орналасады. Нәтижесінде аудан орталығында пайдалануға берілетін жаңа пәтерлердің жалпы саны 92-ге жетті.

Сапар барысында Еркебұлан Дауылбаев күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «Достар» стадионының құрылыс аумағында болды. Бұл жерде 450 орындық көрермендер алаңы, жүгіру жолағы және стандартқа сай үлкен футбол алаңы салынуда.

Бұдан бөлек, Шолаққорған ауылындағы 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысымен танысты. 3 гектарды құрайтын спорт кешен оқу-жаттығу базасымен толық жабдықталып, халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Екі қабатты ғимаратта волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен бокс залдары, бассейн және футбол алаңы орналасатын болады.

Сапар соңында аппарат басшысы «Созақ аудандық мемлекеттік архиві» КММ ғимаратына болды. Онда құжаттарды сақтау мен материалдық-техникалық базаны жетілдіруге қатысты мәселелер талқыланды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You